Желтоқсан айының 13-14 күндері осы жылдағы жұлдыздар жауатын соңғы мезгіл. NASA агенттігінің хабарлауы бойынша, Геминида метеорларының басым бөлігі 14 желтоқсанға қараған түні сағат 00:00-ден 4:00-ге дейінгі аралықта жауып өтеді. Бұл табиғи құбылысты ғаламшардың кез-келген түкпірінен көру мүмкіндігі бар. NASA мамандары Оңтүстік жатрышарға қарағанда, Солтүстік жартышардан ұшып өтетін аспан денелерінің саны әлдеқайда көбірек болатынын айтты. Алдымен көзіңізді қараңғыға үйретіп алыңыз. Метеорлар тұтас аспанды қамтиды. Көрмей қалу мүмкін емес, деді ғалымдар. Геминида метеор жауынына шамамен 200 жыл, бірақ NASA зерттеулері бойынша, ол жыл өткен сайын әлдеқайда жарқын әрі көркем бола түседі.