NASA ғаламшарлар плейлисін жасады

Ғарыштық NASA агенттігі ғарыштық дыбыстарды біріктірген ғаламшарлар плейлисін жасады. 22 "тректен" тұратын топтама SoundCloud қосымшасы арқылы жүктеледі.

Аталған музыка топтамасындағы аудиофайлдар ғаламның түкпір-түкпірінде жүргізілген ғарыштық сапарлар кезінде жазылған.  Онда Сатурн, Юпитер ғаламшарлары мен өзге де ірілі-ұсақты кометаларда шығатын дыбыстар бар.

"Бұл музыкалық жазбалар сізді бейжай қалдырмасына сенімдіміз", - дейді NASA өкілдері.