Әлемге танылған, қазірде маңызы зор компанияларының бірі Google болып келеді. Бұл компания кеңселерінің дизайны да тамаша, ерекше талғаммен жасалған. Назарларыңызға ұсынамыз:
Демалыс уақытына арналған арнайы орынға ұқсайды. Балалық шаққа саяхат деп те атауға болады. Ал ашық түстерді және ерекше мүсіндерді, дизайн элементтерін қолдануы адамның жүйке жүйесін тыныштандырып, демалуға мүмкіндік береді.
Ал мына жер фильм түсіруге арналған аумақ секілді. Өте әдемі көрінеді емес пе?
Төбесі мейлінше жоғары, жан-жағы кең орналасқан, әсіресе, мынадай декорациялары бар жерде жұмыс істеу ерекше сезім сыйлайтын болар.
"Ойна да, күл": серфингке арналған тақта, сырғанақ ас үйде орналасады деп кім ойлады? Расында да, бұл компания дизайнерлерінің талғамы ерекше екен.
Осыған дейін кең аумақты жұмыс орны көрсетілген болса, мына суретте қызметкерлердің тар жерді таңдағанын көреміз. Жауапты жұмыс жауапты көзқарасты талап етеді. Кейде, міндетті дұрыс әрі тез атқару үшін өзіңмен-өзің қалу керек болады. Google компаниясы мұндай сәттерді ескерген.
Денсаулық бәрінен де қымбат. Қарқынды жұмыс арасында сергіп, біраз жаттығып алу нағыз табылған ақыл. Кеңседен шықпай, дене сымбатына қол жеткізу мүмкіндігі кез келген адамды қуантар еді.
Қазіргі заманда компьютермен жұмыс істеу кең етек алып бара жатыр. Сондықтан, ара арасында мынадай мүмкіндікті пайдаланып, демалып алу артық емес.
Сурет: officesnapshots, architizer, googlezurich, buerowissen, roarhitect