Forbes журналының биылғы рейтингінде 227 миллардер әйел бар екен. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 25 адамға көбірек.
Аталмыш тізімге Қазақстандық арулар енбегенмен, көрші Ресей Федерациясының Елена Батурина есімді жалғыз азаматшасы бар екен. Оның ақша қоры өткен жолғымен салытырғанда 100 миллион долларға азайып, қазір жалпы саны 1 миллиард долларды құрап отыр. Әлемдік рейтингте Батурина 1940 орынға тұрақтаған.
Тізімге бірінші рет іліккендер қатарында Қытай Халық Республикасының Чжоу Цюньфэй есімді азаматшасы бар. Оның Lens Technology компаниясы телефонға арналған экран өндірісімен айналысады. Бұл кәсіпті бастау үшін Цюньфэй аз еңбектенбеген. Қазіргі таңда оның компаниясы 9,7 миллиард долларға бағаланып отыр, ал, жеке қоры 7,7 миллиард долларды құрайды.
14 орынды L'oreal корпорациясының негізін қалаушы Эжен Шулердің мұрагері Лилиан Беттанкур иеленді. Бұл косметикалық компания арқылы да баюға болатындығының белгісі. 17 орынға танымал Walmart дүкендер желісінің иесі Сэм Уолтонның Элис Уолтон есімді қызы тұрақтады.
Бай бикештер тізіміне іліккендер қатарында бізге азды-көпті таныс тұлғалар осылар ғана. Миллиардер әйелдер де, суретші әйелдер секілді аса танымал емес болып шықты. Бұл гендерлік теңсіздікпен байналысты ма? Бірақ, гендерлік теңсіздік жұрт шулағандай айқын байқалатын болса, бұл бикештер кәсіпкер атанып, оған қоса байып алар ма еді?!