Chinatown, аты айтып тұрғандай, Қытай қоғамының теңіз асқан бөлігі. Ертеректе Қытай иммигранттары өмірдің қиын тұспалдарына бірге төтеп беру мақсатында жұмыла жергілікті қоғам құра бастаған.
Франция, Италия, Нидерланды және Біріккен Корольдік сияқты Еуроодақ елдері мен өзге көш бастаушы мемлекеттер ХХ ғасырдың орта шенінде этникалық қытайлықтардың көші-қонына онша мән бере қоймаған болатын. Ал енді осы аталған елдердің алып шаһарларында Қытайдың әлеуметі мен мәдениетінен сыр шертетін кварталдар пайда болды. Бүгінде, Қытай қоғамы бүкіл әлемде табылып, қарапайым резиденциялық орталықтарынан қаржы мен туристік орталықтарға айналып үлгерді.
Алдағы көретіндеріңіз Еуропадағы Қытай қоғамынан фоторепортаж:
1970-80 жылдар, Chinatown Парижде (Франция). Париждегі Olympiades сауда орталығы Франциядағы азиялықтардың жиі бас қосатын орталығына айналған. Ал кварталдың негізгі орталығына келгенде өзіңді тура Қытайда жүргендей сезінеді екенсің.
1970 жылдар, Лондон (Англия) - Джеррерд стрит, Шафтсбари авенью. Лондондағы Chinatown алдымен қаланың шығыс бөлігінде орын тепкен болатын. Дегенмен, Ост-Индия компаниясының штаб-пәтері орталыққа ауысқаннан кейін Англиядағы қытай қоғамы бірегей шоғырлана бастаған. Олардың негізгі күн көрісі тамақ әзірлеумен болған.
1970 жылдар, Антверпен (Бельгия) - Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін көшкен мигранттар негізін қалады.
1970 жылдар, Милан (Италия) - Мыңдаған қытайлық ретейлер сауда орталықтарын ашқаннан кейін пайда болды.
1980 жылдар, Амстердам (Голландия) – Будда ғибадатханасымен туристерді тартып отыр.
Айтып өтер жағдай, барлық Чайнатаун Қытай тағамдарын дайындайтын мейрамханалардан басталған екен.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: chinadaily.com.cn