Air India ұшқышы кабинада экипаж командирін соққыға жықты

Air India ұшқышы кабинада экипаж командирін соққыға жықты

Air India  ұшқышы әуе кемесінің капитанын кабинетінде соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты The Times of India порталына сілтеме жасап. Оқиға 5 сәуір күні Джайпур әуежайынан ұшар алдында болған.

Басылымның мәліметінше, капитанның тапсырмасы екеуінің арасындағы түсініспеушілікке себеп болған. Ол ұшқыштан арнайы картаға рейстің қауіп туралы параметрлерін толтыруды: пассажирлер санын, ұшу салмағы мен отын деректерін жазуын сұраған. Бұл тапсырма ұшқышқа ұнамай қалады. Төбелеске қарамастан, рейс жалғасып, ұшақ Делиге дейін ұшып келді. Келген кезде командир болған оқиғаны хабарлап, Мумбайдағы үйіне ұшып кетті.

"Екі адам арасында аздаған келіспеушіліктер ғана болған. Мәселе шешілді", - деп қысқа қайырды  әуе компанияның өкілдері. Айта кетейік, ұшақ командирі БАҚ өкілдеріне өзін ұрған ұшқыштың бұл міндеттерді осыған дейін орындап келгенін айтты. "Үш жыл бұрын ол рейс командирінің кабинадан шығып, иық белгісін шешуін сұраған. Кейін командирмен төбелескен. Бір жыл өткеннен кейін басқа командир оның дөрекілігіне шағымданды", - дейді командир.

сурет: tengrinews.kz

Е. Қайрахан