- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- 65 жыл бұрынғы...
65 жыл бұрынғы түтін Лондон тұрғындарына әлі де зиян
Фото:
etravelblog.com
Зерттеу жүргізген ғалымдар Лондонда көп адамның мерзімінен бұрын көз жұмуына соқтырған 1952 жылғы түтін бүгін де адамдардың ағзасына кері әсер етіп жатқанын анықтады. Балалардың көбі демікпемен ауруханаға жүгінгендіктен, алпыс төрт жыл өткеніне қарамастан, ғалымдар оның салдарын байқады.
1952 жылы желтоқсанда бес күн бойы қаланы қалың тұман басып, түтін тұмшалады. Ғалымдар ауа құрамын зерттеп, оны алпыс жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырды. Осылайша, түтін әлі де адамдардың денсаулығына әсер ететіні анықталды.
Ел билігі болса ауаның ластану деңгейі туралы ақпаратты жасыруға тырысқан. Алайда ғалымдар адамдардың өлім-жітімі Ұлы түтін басу оқиғасымен байланысы бар екеніне сенімді.
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы