Каталиндік теңіз институтының нұсқаушылары мен 14025 зерттеу қайығының тобы қатысқан мына сурет бір апта бұрын ғана түсірілген. Қолдарындағы алып балықтың ұзындығы – 5,5 метр.
Зерттеуші Жасмин Сантана Калифорния штатының оңтүстік жағалауындағы суда тәжірибелік жұмыстарын жүргізіп жүргенде су түбіндегі осы жаратылыс иесін көріп қалады. Көне аңыздың кейіпкерлеріне ұқсайтын құбыжық бүкіл әлемді таңғалдырып отыр.
Оны жағалауға алып шығу үшін 15 адамның күші керек болған. Осы күнге дейін кездескен балық-белдіктің ең ұзыны бір метрді ғана құраған екен. Ал мұндай балықтар мың метр тереңдікте өмір сүретіндіктен, әлі ешкімнің көзіне көрінбеген.
Алып балықтың табиғи себептерден өліп қалғаны белгілі. Толыққанды зерттеу жүргізу үшін қазір құбыжық Санта-Барбара Университетіне жіберілді.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет:byaki.net