Чанд Баори Үндістандағы Раджастхан ауданынан 95 шақырым жердегі Абанери қалашығында орналасқан ежелгі сәулеттің таңғажайып үлгісі саналатын баспалдақты құдық. Мұндай құрылысәлемнің ешбір жерінде кездеспейді.Өйткені, баспалдақты құдық соғудың құпиясын тек Үндістан халқы ғана біледі. Чанд Баориқуаныш пен бақыт патшайымы Harshat Mataғибадатханасының жанында салынған. Жергілікті тұрғындар ғибадатханаға кіру үшін осы құдықтың суына аяқтарын жуады. Ал құдық суына жету үшін3500 баспалдақтыбасып өтуіңіз керек. Ғалымдар құдықтың нақты жасын анықтай алмай келеді. Ал ресми деректер оның ІХ-ХІ ғасырлар аралығында салынғандығын көрсетеді. Құдық жаңбыр суын сақтау үшін де қолданылған сияқты. Үндістандағы ауа-райын өзіңіз де жақсы білесіз... Құдықтың тереңдігі30 метрді құрайды. Аталған құрылысты 13 қабатты ғимаратпен салыстыруға болады.