- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- 3500 баспалдағы бар...
3500 баспалдағы бар құдық
Чанд Баори – Үндістандағы Раджастхан ауданынан 95 шақырым жердегі Абанери қалашығында орналасқан ежелгі сәулеттің таңғажайып үлгісі саналатын баспалдақты құдық. Мұндай құрылыс әлемнің ешбір жерінде кездеспейді. Өйткені, баспалдақты құдық соғудың құпиясын тек Үндістан халқы ғана біледі.
Чанд Баори қуаныш пен бақыт патшайымы Harshat Mata ғибадатханасының жанында салынған. Жергілікті тұрғындар ғибадатханаға кіру үшін осы құдықтың суына аяқтарын жуады. Ал құдық суына жету үшін 3500 баспалдақты басып өтуіңіз керек.
Ғалымдар құдықтың нақты жасын анықтай алмай келеді. Ал ресми деректер оның ІХ-ХІ ғасырлар аралығында салынғандығын көрсетеді.
Құдық – жаңбыр суын сақтау үшін де қолданылған сияқты. Үндістандағы ауа-райын өзіңіз де жақсы білесіз...
Құдықтың тереңдігі 30 метрді құрайды. Аталған құрылысты 13 қабатты ғимаратпен салыстыруға болады.
Г. Берік