Бангкок қаласына метеорит құлады

Бангкок қаласына метеорит құлады
Фото: www.youtube.com

Бүгін, яғни қыркүйек айының 7 күні Тайланд  астанасы Бангкок қаласына метеорит құлады.

Тұрғындардың айтуынша, олар аспаннан құлдилап ағып келе жатқан бөгде бір затты көрген. Ал кейіннен ол жерге қарай құлап, жарқ етіп жарылған екен.

Метеориттің құлаған даусы тіпті 200 шақырым жердегі Канчанабури провинциясына естілген көрінеді.

Н. Нұрмаханұлы