Мигель Энгара (Miguel Endara) есімді шығармашылық иесі әкесінің суретін салып, оны Hero (қаһарман) деп атады. Суреттің бір ерекшелігі сол, суретші туындыны жасау кезінде ештеңе қолданбай, тек қара нүктелерді салды.
Мигельдің есептеуі бойынша нүктелердің саны тура 3 200 000 болды. Өзінің айтуына қарағанда бұл туындысы Гиннестің Рекордтар кітабына енгізуге лайық екен! Суретші туындыны қалай салғанын бірге көрейік!