- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- 3 жыл сақталатын...
3 жыл сақталатын пицца
Natick аталатын Америка әскери зерттеу орталығының ғалымдары тоңазытқыштың көмегінсіз үш жылға дейін сақталатын және сонан кейін де еш қорықпастан жеуге болатын пицца ойлап тапты.
Сарбаздар қауымы алғаш рет 1981 жылы күнделікті рациондарына пиццаны енгізулерін сұраған. Содан бері осы тағам төңірегінде түрлі лабораториялық жұмыстар жүргізілді. Жауынгерлер әр түрлі себептерге байланысты тамақ жасай алмайтындықтан, оларға көбіне консервілік өнімдерді беру әдетке айналдырылған екен. Жаңа пицца да осынысымен ерекшеленеді.
Пицца қамырына қосылған қызанақ тұздығы мен ірімшік оған жұмсақтық қасиет береді. Ал қант пен тұз және шәрбат қамырдың қатты суланып кетпеуінің алдын алады. Сондай-ақ, пиццаның жарамдылығын 3 жылға созу үшін тұздықтың, ірімшіктің, қамырдың қышқылдылығы өзгертілген.
Соңында ауа кірмейтіндей орағыш жасалып шықты. Ғалымдардың айтуынша, бұл пиццаның дәмі әдеттегіден аса ерекшеленбейді, тек дымқылдылығы жоғары келеді екен.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com