- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- 29 тамыз -...
29 тамыз - ядролық сынақтарға қарсы күрес күні
«Ядролық қарусыз әлем құру – нағыз адамдық игі іс»
БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні (International Day Аgainst Nuclear Tests) 2009 жылы 2 желтоқсанда болған БҰҰ-ның алпыс төртінші бас ассамблеясында бекітілді. Жаңа дата, яғни 29 тамыз БҰҰ, әлем елдері, үкіметаралық және ҮЕҰ-дың Ядролық сынақтарды тоқтатуға бірлесе күш салатын күні. Бұл ядролық сынақтарсыз тыныш әлем құрудың жолы. Осы күнді бекіткен БҰҰ-ның сол күнгі бас Ассамблеясында «Адам өміріне алапат зиянын келтіретін ядролық сынақтарға шектеу қойылу керектігі» жайында баса айтылды.
2010 жылдың мамыр айында Ядролық қаруды таратпау туралы Шарттың барлық қатысушы-мемлекеттері Нью-Йорктегі Шолу конференциясында ядролық қарудан азат әлемдегі қауіпсіздікке қол жеткізу үшін өзара іс-әрекет жасауға міндеттенді және «өмірлік маңызды міндет» ретінде ядролық сынақтарға тыйым салуды анықтауымен сипатталды. Құжат 1996 жылы қол қойылып бекітілуге дайын болды.
Қазір БҰҰ-ның айтуынша, келісімшартқа әлі де қол қоймаған елдерге бұл қадамға ертерек барғаны дұрыс. Бүгінгі таңда планетаның оңтүстік жарты шарындағы елдердің барлығы дерлік ядорлық сынақтарды доғаруға келісіп үлгерді. Олар мынадай өңірлік келісімшарттарға қол қойды: Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде жатқандар Раротонг клісімшартына қол қойса, Африка елдері Пелиндабск келісімшартына отырды. Ал Оңтүстік Азияның құрамына жататын мемлекеттер Бангкок келісімшартына қол қойса, Латын Америка мен Кариб бассейнінің құрамына жататын елдер Тлателолко келісімшартына отырған.
Болашағымыздың ядролық сынақтарсыз жарқын болғанын тіледік!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: delate.info
А. Әбілхан