Әлемнің ең қымбат қаласы Африкада болып шықты

Шетелде жұмыс жасауды бәрі армандайды, бірақ шетелде тұру қаржылық қиындықтарға соқтыратынын да ұмытпау керек. Жастардың арманына айналған Дубай, Гонконг, Нью-Йорк сияқты қалаларды ең қымбат қалалар деп атайтындар көп, бірақ бұлардан да қымбат шаһарлар бар екен. Жуырда Mercer LLC-дің өткізген сауалнамасына сәйкес, шетелден келген қызметкерлер үшін әлемдегі ең қымбат қала Анголаның астанасы Луанда қаласы екені анықталды.


Валюта нарығының тұрақсыздығы, шетелден келетін импорттық заттардың қымбаттығы сияқты бірнеше факторларға назар аударылып жасалған сауалнама нәтижесі сізді таңқалдырары анық. Төмендегі ақпараттарға көз жүгіртіп шықсаңыз, бір шыны кофенің бағасы 10 доллар тұратын қалаларды да кездестіресіз.

Әлемнің ең қымбат 12 қаласы:

1. Луанда, Ангола

2. Н’джамена, Чад

3. Гонконг

4. Сингапур

5. Цюрих

6. Женева

7. Токио

8. Берн, Швейцария

9. Мәскеу

10. Шанхай

11. Бейжің

12. Лондон

Mercer-дің мәліметі бойынша, Африкалық қалалардың алғашқы орындарға жайғасуының себебі, валюта тұрақсыздығы мен импорттық өнімдердің өте қымбат бағада сатылуы, тұрғын-үй кешендерін жалға алу бағасының тым жоғары болуы.

Қалалардың өз аймағына байланысты жіктелуі:

Америка құрлығы:

1. Нью-Йорк

2. Сан-Паулу, Бразилия

3. Лос-Анджелес

Азия:

1. Гонконг
2. Сингапур
3. Токио


Еуропа:

1. Цюрих
2. Женева
3. Берн

Мұхит аралдары/ Африка:

1. Луанда
2. Н’джамена
3. Виктория, Сейшел аралдары

«Старбакстың» бір шыны кофесі Осло қаласында 9,83 доллар тұрса, Нью-Делиде дәл сол кофе 2,80 доллар тұрады. Халықаралық газеттер Мәскеуде 8,37 доллар, ал Ванкуверде 2,80 доллар шамасында.


Таяу Шығыс елдері – басқа елден келген азаматтарға экономикасы ең ыңғайлы елдер болып табылады. Мұны жоғары жалақы мен өзге ел азаматтарынан алынатын салықтың аз болуымен түсіндіруге болады. Германия – бала оқытуға ең ыңғайлы, әрі арзан мемлекет екені анықталды. Сонымен, өз елінен тыс жерде жұмыс істеушілерге экономикасы ыңғайлы мемлекеттер тізімі мынадай болды:

1. Қытай

2. Германия

3. Сингапур

4. Кайман аралдары

5. Аустралия

6. Канада

7. Ресей

8. Бельгия

9. Біріккен Араб Әмірлігі

10.Гонконг

11. Түркия

12. АҚШ

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: global-conferences.eu, hotelpresidenteluanda.com, use-it.unginfo.oslo.no, saga.ua, ds-lands.com