Сонымен, біз тағы бір Орбита айналымын аяқтадық. Жердің жаратылғанына 4,5 млрд. жыл болды. Содан бері Жер Күн орбитасын 4,5 млрд. рет айналған. «Жаңа жыл, жаңа жыл» деп жар салғанымызбен, жаңа жыл ұғымының түпкі негізінде Күнді бір рет айналып шыққанымыз ғой, негізі! Сондықтан, ең бірінші, жаңа жыл – бұл космонологиялық құбылыс.
Бір жыл бүкіл ғаламшар үшін қас қағым сәт қана. Егер бір жылды ғаламшардың ғұмырына (13,8 млрд. жылды) шақсақ, адамның өмір сүру жасының 0,2 секундын ғана құрайды екен. Дегенмен де, барлық тынысы уақыт пен физикалық құбылыстарға байланған Ғаламшарымыз үшін де 0,2 секундтың өз орны бар. Сонымен, 2016 жылы Ғаламшарымызда қандай өзгерістер болғандығын атап өтейік.
Жердің қозғалысы баяулады. Мұны біз байқамаймыз, әрине. Алайда Жердің өз өсінен айналуы мерзімі – күн – былтырғы жылға қарағанда 14 наносекундқа артқан. Уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш де арта түседі. Бір кездері әрбір төрт жыл сайын қайталанатын кібісе жылдың (366 күннің) Жердің өз білігінен айналу мерзіміне тең болғаны белгілі. Уақыт деген физика-биологиялық құбылыстың жылжуы барысында қазіргі 365 күндік айналым белдемесіне келіп тоқтаған. Жыл өткен сайын бір дәуірде кібісе жылдың мүлдем болмай, тек 365 күндік айналым уақыты болары күмәнсіз. Жер алғаш жаралып, Бүкіл Ғаламдық ырғаққа икемденген кезде Жердің өз білігінен айналу уақыты – күн – 6-8 сағатты құраған, сәйкесінше, жыл 1000 күнге тең болған.
Ай Жерден алыстады. Тағы да біз байқай алмайтын құбылыс. Алайда ғылымда іргелі заңдылық бар: ол бұрыштық моментті сақтау заңы деп аталады. Бүкіл Ғаламшардың барлығы айналу, қозғалу тәрізді тұрақты механизмдерге құрылған. Айналу да, қозғалу да белгілі бір бұрыштық заңдылық бойынша жүзеге асады. Мәселен, Жер – Ай жүйесін алып көрейік: Жер өз білігінен айналса, Ай Жерді айналады. Егер Жер өз білігінен айналу үрдісі бәсеңдесе, бұл «бос орынды» өзге күшпен толықтыру қажет болады. Міне, осы кезде Ай өзінің айналу бұрышын өзгертуі керек болады да, Жерден белгілі бір қашықтыққа алыстау қажеттілігі. Жыл сайын Ай Жерден 1 см қашықтап отырады. 650 млн. жылдан кейін толық күн тұтылу құбылысы мүлдем болмайды: Ай Жерден айтарлықтай алыс қашықтықта болады да, Күн шеңберін толық жаба алатындай сақина түзе алмайды.
Күн беті былтырғы жылға қарағанда ыстық. Күн қабатындағы температура артты, әрине, салыстырмалы түрде. Өйткені Күн бетіндегі бұл процесс Жерге тікелей әсерін тигізіп отырған жоқ. Күннің «ыстықтауы» жыл сайын небәрі бес миллиард процентке (0,0000000005%) ғана артады. Жеткілікті уақыт өткеннен кейін Жер Ғаламшарына бұл процестің толықтай әсер ете алады. Күннің от екенін ескерсек, ол өз денесіндей материяның барлығын энергияға айналдыратыны белгілі. Яғни, Күн жыл сайын 1017 кг жуық өз массасын жағады. Күн өз массасын жағу арқылы денесіндегі температура да өсе түседі, сәйкесінше Күн бетіндегі материалдар да тез жана бастайды. Осыдан келіп Күн температурасы күрт арта түседі. 2 млрд. жылдан кейін Күн бетіндегі температура Жер бетіндегі теңіздер мен мұхиттарды қайнатып жіберетіндей ыстық күйде болады. Ғаламдық жылынудың «көкесі» сонда болайын деп тұр.