- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Жануарлар қалай ұйықтайды?...
Жануарлар қалай ұйықтайды?
1. Мысық бір күнде орташа есеппен 13-14 сағат ұйықтап, түнімен ояу жүреді. Мәселе жабайы табиғатта түнгі мезгілде аң аулайтындығында. Жолбарыс секілді үлкен мысықтар да ұзағынан ұйықтайды. Орман патшаларына қай мезгілде ұйықтаса да жарасады емес пе?..
2. Дельфин миының жартысы ғана ұйықтайды. Миының бір бөлігі сақтық шараларын қарастырып жатқан кезде, екінші бөлігі түс көріп жатады.
3. Жылқы мен сиыр түрегеліп ұйықтай береді. Бірақ жерге жатпайынша түс көрмейді.
4. Керік бірнеше апта бойы ұйықтамай жүре береді.
5. Шөл ұлуы 3 жыл бойы ұйықтауы мүмкін.
6. Үйректұмсық ұйықтап жатқан кезінде аң аулап жүргендей қимыл-қозғалыс жасайды.
7. Жауларынан қорғану үшін гвинеялық бабуин ағаштың басында жүріп ұйықтайды.
8. Жарқанаттың басын төмен қаратып ұйықтауының бірнеше себебі бар. Біріншіден, осылайша дұшпандарының көзіне көп түспейді. Бұдан өзге бірден ұшып кетуге мүмкіндік алады. Жарқанат өзге құстар секілді жерден аспанға ұша алмайды. Яғни ұшу жылдамдығын тудыратындай мықты емес.
9. Альбатрос ұшып жүріп ұйықтайды.
10. Ғылым бұған дейін құмырсқаның ұйықтамайтындығын айтса, бүгінгі таңда отты құмырсқаның күніне 1,1 минуттан 253 рет ұйықтайтындығы дәлелденіп отыр.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: liveinternet.ru
Қ. Бүйенбай