17 қазан – Халықаралық қайыршылыққа қарсы наразылық күні (International Day for the Eradication of Poverty). Атаулы күн 1987 жылдың 17 қазанында болған оқиғамен тығыз байланысты. Жүз мыңнан астам адам кедейліктің, зорлықтың, аштықтың құрбаны болғандарды еске алу үшін 1948 жылы адам құқығының жалпыға ортақ декларациясы қабылданған Париждегі Трокадеро алаңына жиналады. Көпшілік қауым кедейлікті адам құқығының бұзылуына жататындығын, ортақтаса отырып осы мәселені қалпына келтіру керектігін айтты. Осы күні ашылған тасқа талаптардың барлығы жазылған. Ондай тастар әлемнің бірнеше елдеріне де орнатылған. Сонан бері әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдар 17 қазан күні тастар орнатылған алаңдарға жиналып тұрады. Біріккен Ұлттар Ұйымының орталық ғимаратының саябағында да осындай тас бар, жыл сайын салтанатты жиындар осы тастың жанында өткізіледі.
БҰҰ-ның бас хатшысы Хавьер Переса де Куэльяра мен «АТД-Кар Монд» француз қайырымдылық қозғалысының бастамасымен 1992 жылдың 22 желтоқсанында 17 қазанда Халықаралық қайыршылыққа қарсы наразылық күнін атап өту туралы шешім қабылданды.
Мақсат - жоқшылықты, ашаршылықты жоюдың өте маңызды екендігіне осы жағдай қалыптасқан елдердің, әсіресе дамыған елдердің назарын аудару, адамдарды бір-біріне көмек қолын созуға, өз қиындықтарымен бөлісуге шақыру. БҰҰ-ның Экономикалық және Қоғамдық Кеңесінің айтуынша, "кедей" деген – өз елінде жүріп өмір сүруіне қажетті қоры өте шектеулі адамдар немесе отбасы. Ал осы күнді бірлесе отырып атап өту кедейлердің азаюына жол ашып, адамдарды жақсы өмір сүруге үндейді.
2006 жылдың 17 қазанында өткен Халықаралық қайыршылыққа қарсы наразылық күніндегі салтанатты жиында БҰҰ-ның бас хатшысы: "... Осы Халықаралық қайыршылыққа қарсы наразылық күнінде барлықтарыңызды бірлесе отырып күресуге шақырамын. Біз бірлескенде ғана шынайы нәтижелер мен бақытты, кедергісіз өмірге қол жеткізе аламыз" деген болатын.
17 қазан – Халықаралық несие одақтарының күні. Жыл сайын қазан айының үшінші бейсенбісінде осы салаға қатысы бар барлық мамандар мерекелерін атап өтеді. Мереке 1948 жылдан бері қолданыста және дәстүрлі іс-шаралары да пайда болып үлгерген: несие одақтарындағы және бөлімшелеріндегі ашық есік күндері, қайырымдылық акциялары, жәрмеңкелер мен қызықты байқаулар т.б.
Несие одағы дегеніміз – азаматтарға қаржы жағынан қолдау көрсететін ұйым. Бұл ұғым ХІХ ғасырда Еуропа елдерінде пайда болған. Жалпы кооперативтік философияның негізін қалаушылар ретінде американдық Роберт Оуэн, Шарль Фурье, Луи Блан сынды тұлғаларды айтуға болады.
Мерекені күнтізбеге белгілеу туралы идея 1927 жылдың 17 қаңтарында пайда болғанымен, 21 жылдан кейін ғана ресми түрде бекітілді.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: liveinternet.ru,vk.com