107 жастағы Нидерланд тұрғыны Корнелия Рас коронавирус пандемиясынан айықты. Ол – әзірге індетті жеңген ең қарт адам.
Кейуана ауруға 107 жасын атап өткеннен кейін ертеңіне шалдыққан. Корнелия 17 наурыз күні тәңірге құлшылық ету үшін Гуре-Оверфлакке аралындағы шіркеуге барған. Сол жерде болған 41 адам вирус жұқтырған болып шықты. Ақыры олардың 20-сы COVID-19 ауруынан көз жұмды.
Осыған дейін дертті жеңген ең қарт адам 104 жастағы америкалық Билл Лапши болған еді.