Бүгін – Бүкіләлемдік жүйке саулығы (World Mental Health Day) күні. Бүкіләлемдік жүйке саулығы федерациясының бастамасымен 1992 жылдан бері атап өтіліп келеді. Бүгінде халықаралық жүйке ұйымдарының қолдауымен бүкіләлемдік күреске шақыру мақсатында тақырыптық журналдар шығарылып, денсаулық сақтау органдарына үндеулер жарияланып тұрады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, біздің планетамызда 450 миллионнан астам адам жүйке ауруларына шалдыққан екен. Ал батыс елдерде әрбір жетінші адам күйзеліске немесе маскүнемдікке душар болған.
Атаулы күннің мақсаты – күйзелістерге, шизофренияға, Альцгеймер ауруына, нашақорлыққа, қояншықтыққа, ақыл-ойдың шаршауына тосқауыл қою, алдын алу, емдеу шараларын жүргізу.
Заманауи өмірдің өзі күйзеліске құрылған: саяси, экономикалық өзгерістер, жұмыстағы тұрақсыздық, күнделікті тұрмыс, ақша, тіпті, қоғамдық көлікте жүрудің өзі адамды мезі етеді. Қазір күйзеліс деген заманауи адамның бір бөлігі десек, артық айтқандық емес. Адамдар онымен күреседі, бірақ, оған жол бермеу керек екендігін есепке ала бермейді.
Бүгін – Халықаралық көз жанарының күні. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен қазан айының екінші бейсенбісінде атап өтіледі.
Атаулы күн күнтізбеде зағиптықтан, көз жанарынан айрылудан сақтану мен оны емдеу негізінде белгіленген болатын. Халықаралық көз жанарының күнінде осы проблемаларға қатысты түрлі игі іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ, бұл күн «Көріну 2020: көзге еркіндік» деген халықаралық зағиптықтан сақтандыру агенттігінің де негізгі мерекесі болып есептеледі екен.
Соқырлық – көру мүшесі қызметінің жұмыс жасамауы. Ғаламшарымызда түрлі созылмалы көз ауруларына және созылмалы зағиптық немесе туа біткен зағиптық ауруларына шалдыққандардың қатары өте көп. Халықаралық агенттіктің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, шамамен 284 миллион адам көз ауруы проблемасына шалдықса, олардың 39 миллионға жуығы мүлде көз жанарысыз қалған. Көз ауруына 19 миллионға жуық бала зардап шегіп келеді. 80 %-ға жуық зағип жандар қазіргі заманғы емдеу шараларынан бастарын ала қашады.
Халықаралық көз жанары күнінің шеңберінде көз ауруларын емдеуге қатысты шаралар мен нұсқаулықтар өткізіледі. Кей мемлекеттерде осы күні көз ауруларына шалдыққан жандар офтальмолог мамандарға қаралады.
Бүгін – Италия композиторы, италиялық опера мектебінің басты тұлғаларының бірі Джузеппе Вердидің дүниеге келген күні. Ол 1813 жылы Ломбардияның солтүстігіндегі Ле Ронколе атты шағын ауылда туылған.
Ол өзінің музыкалық қабілетін ерте бастан-ақ таныта білген және 11 жасында органшы қызметін атқарып үлгерген. Кішкентай өнерпазға бай саудагер Бареццидің көзі түседі де, қолдау білдіреді. Верди өзінің музыкалық білімі үшін осы кісіге қарыздар. Ол баланы үйіне алып, ең мықты деген ұстазды жалдайды, Миландағы оқуының ақысын төлейді. 1832 жылы Джузеппе жасы тым үлкен болғандықтан, миландық консерваторияға түсе алмай қалады. Ол жеке дайындықты бастайды. Милан опера театрына жиі барып тұрып, көп нәрсе түйеді.
1836 жылы Маргарита Бареццимен отбасын құрады. Некеден бір ұл, бір қызы дүниеге келеді. Осы қуанышты жағдайда "Вердиге Лорд Гамильтон немесе Рочестер" операсына музыка жазуға ұсыныс түседі. Ол 1838 жылы "Ла Скалада" қойылды. Дәл осы жылы Джузеппе Вердидің 3 вокалды шығармасы жарыққа шығады.
Ал ең алғашқы жемісті туындылары өмірінде болған трагедиялық жағдайда шығарылды: екі жыл ішінде оның қызы, ұлы және әйелі қайтыс болады. Композитор жалғыз қалды. Өмірінің осы бір қиын сәттерінде Верди көптеген жақсы шығармаларды туғызды, олардың біразы әлі күнге дейін театр сахнасынан түспей келеді. Оның атақты "үш жұлдызы": "Риголетто" (1851), "Трубадур" және "Травиата" (1853) да осы кезеңде жазылған. Джузеппе Вердидің 26 операсы, екі хоры бар.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: dw.de,vk.com,stilista.ru