Бүгін – Вегетарианшылдардың халықаралық күні (World Vegan Day). Вегандар күні — 1994 жылы 1 қарашада Вегандар қоғамы өзінің 50 жылдығын тойлау тұсында пайда болған мереке.
Веган сөзін Дональд Уотсон ағылшынша «vegetarian» (қазақша "вегетарианшыл") сөзінің алғашқы үш, соңғы екі әрпінен алып құраған. Бұл термин 1994 жылы 1 қарашадан бері Лондонда Вегандар қоғамында атала бастады.
Веганизм - жан-жануарларға ерекше аяушылықпен қарап, вегетарианшылдықты қатаң талап ететін өмір салты. Вегандар тек жануарлар мен аңдар етін жеуден ғана бас тартып қоймайды. Олар жануарлардың жұмыртқасын да, сүтін де, балын да ауызға татып алмайды. Тіпті олар былғарыдан, аң терісінен жасалған киімдерді киюден де бас тартады. Өйткені олар жан иелерінің бәрін өздеріндей көріп, оларды ас ретінде пайдаланудың орнына қорғау керек деп түсінеді. Сондықтан да олар тек көкөністермен, жемістермен қоректенеді.
Сондай-ақ, бүгін қазақстандық спортшы, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Майя Манезаның туған күні. Зілтемірші қызымыз өзінің жиырма сегіз жасын атап өтіп отыр.
Ол Қырғызстанның Тоқмақ қаласында дүниеге келген. 63 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан М.Манеза жұлқа көтеруде 109 келіні бағындырып кіші қола медальға, ал серпе көтеруде 139 келіні еңсеріп кіші алтын медальға ие болған екен.
Лондондағы Одимпиада ойындарында 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы Майя Манеза Олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 110 келіні, серпе көтеруде 135 келіні бағындырып, 245 келі көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартты. «Құрмет» орденімен марапатталған. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.
Бүгінде асыл жар, аяулы ана атанып отырған спортшы қызымызды туған күнімен құттықтаймыз!
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: llv.kz