Қазақ елі – еркіндік сүйген қыран текті тәуелсіз ел. Ол осы тәуелсіздік жолында ғасырлар бойына сансыз нәубетті бастан кешірді. Соның бәрі бүгін тарихқа айналды. Осы орайда ұлтымыздың тұңғыштары жөнінде айтып өтуді жөн санадық. Біле жүріңіздер! Мұны әрбір қазақ білуі тиіс!
Бірінші хан - Керей хан Болатұлы (1465-1473)
Бірінші шешен - Жиренше шешен (XV ғ.)
Бірінші заң шығарушы - Қасым хан Жәнібекұлы (1455 - 1523/1524). Қасым ханның қасқа жолы есіңізде болар?!
Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы - Қазыбек бек Тауасарұлы (1692-1776)
Ұлы жүздің бірінші ханы - Жолбарыс хан Айтақұлы(1718-1740)
Орта жүздін бірінші ханы - Сәмеке (Шахмұхаммед) хан Тәукеұлы (1718-1734) Кіші жүздің бірінші ханы - Әбілқайыр хан Айтақұлы (1718-1748)
Қазақ даласындағы көтерілістердің бірінші басшысы - Сырым батыр Датұлы (1783-1797)
Қазақтан бірінші шыққан Ресей генералы және қазақ даласындағы бірінші мектеп ашқан - Жәңгір хан Бөкейұлы (1831 жылы генерал лауазымын алған)
Бірінші зерттеуші-ғалым - Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865)
Бірінші мұғалім, ағартушы, оқулық шығарушысы - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
Қазақша жазба әдебиетінің бірінші қалаушысы - Абай Құнанбайұлы (1845-1904)
Жоғары білім алған алғашқы қазақ - Сейдахмет Сүйінішқалиев (1881 жылы Қазан университетінің физикалық математикалық факультетін бітірген)
Екі жоғары білім алған бірінші қазақ - Дінмұхаммед Сұлтанғазин (1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану және құқық факультеттерін бітірген)
Қазақтан шыққан бірінші революционер большевик және дүниежүзін аралап келген қазақтын бірінші саяхатшысы - Әліби Жангелдин (1884-1953)
Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газеттің іргетасын қалаушы - Шаһмардан Ыбрайымов (Түркістан уәлаятының газеті, 1870-1882 ж.ж.)
Бірінші журналист - Нәзипа Құлжанова (1887-1933)
Бірінші режиссер - Жұмат Шанин (1892-1938)
Бірінші әйел-мұғалім - Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова (1894 жылдан бастап)
Бірінші қазақ, құрметіне астрономиялық нысанға есімі берілген ғалым - Қаныш Сәтбаев (1899-1964)
Тұңғыш кәсіби суретші - Әбілхан Қастеев (1904-1973)
Тұңғыш кәсіби мүсінші - Хәкімжан Исмаханұлы Наурызбаев (27.08.1925-04.09.2009)
Бірінші әйел-дәрігерлер - Гүлсім мен Мәриям Асфендияровалар (1908 жылы Санкт-Петербург медицина университетін бітірген)
Қазақ тіліндегі тұңғыш журналдың іргесін қалаушы - Мұхамеджан Сералин ("Айқап", 1911-1915 ж.ж.)
Әлем чемпионы лауазымын алған бірінші қазақ - Қажы Мұқан Мұнайтпасов (1909 ж.)
Роман жазған тұңғыш қазақ - Міржақып Дулатов ("Бақытсыз Жамал", 1910 ж.)
Қазақ алфавитін түзіп және оған оқулық бірінші шығарған - Ахмет Байтұрсынұлы (1912 ж.)
Бірінші биші - Шара Жиенқұлова (1912-1990)
Қазақстанның (Алаш Орданың) бірінші премьер министрі - Әлихан Бөкейхан (1917-1920)
Шетелде қазақ әндерін бірінші орындаған - Әміре Қашаубаев (Париж, 1925 ж.)
Әскери академияны бітірген қазақтың бірінші командирі - Рамазан Құрманғалиев (Ленинград, 1930 ж.)
Бірінші ұшқыш - Жақыпбек Малдыбаев (1938 жылы авиакатастрофада қайтыс болды)
Рейхстагқа ту тіккен Кеңес Одағының бірінші солдаты - Рақымжан Қошқарбаев (1924-1992)
Кеңес Одағының батыры атағын алған бірінші қазақтар - Нарсүтбай Есболатов, Әлиасқар Қожабергенов, Әліпбай Қосаев, Мұсабек Сеңгірбаев (Олардың бәрі 1941 жылы Мәскеуді қорғаған)
Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған бірінші қазақ - Талғат Бигельдинов (1944 ж., 1945 ж.)
Бірінші спорт шеберлері - Ш. Бекбаев (жеңіл атлетика, 1943 ж.), Шоқыр Бөлтекұлы (бокс, 1946 ж.), әйелдер арасында - Г. Майлыбаева (атқыш, 1953 ж.), А. Муслимова (шахмат, 1965 ж.)
Социалисттік Еңбек Ері атағын алған бірінші қазақтар - Асайынов (1943), Рысқұлова (1947), жазушылар арасында - Ғабит Мүсірепов (1974), дәрігерлер арасында - Ысқақ Әлібеков (1969).
Олимпиадаға қатысқан бірінші қазақ - Ғұсман Қосанов (Рим, 1960 ж.)