Қабанбайдың інісі Дәулетбай батыр

Қабанбайдың інісі Дәулетбай батыр
Фото: www.altyn-orda.kz

Дәулетбай Сатыұлы (1702 - ө.ж.б.) - Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Қаракерей тайпасынан шыққан батыр. Қабанбайдың туыс інісі. Қабанбай батыр Дәулетбайды сегіз жасынан бастап жанына ертіп жүріп, он үш жасында жауға салған. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда Дәулетбай батыр қапсағай денелі, ақ сұр жүзді, тік иық, өткір жанарлы, шымыр да жинақы әрі өте қарулы адам болған. Қалмақтың Долаңқара бастаған елу-алпыс адамы Сауырдағы Меркіт елінің көп жылқысын барымталап, оларды Қабанбай мен Дәулетбай бастаған 40 жігіт Ертістен өте қуып жетеді. Сол жерде Долаңқараның өзі білегін сыбанып тастап атып шығады да, Қабанбайды жекпе-жекке шақырады. Қалқанының быт-шытын шығарып, қалмақ батырын әп сәтте жайратып салған қазақ қолбасына енді Долаңқараның кегін аламын деп атан өгіздей Түркеш батыр елеуреп тұра ұмтылады. Жағдайды аңдып тұрған інісі - Дәулетбай қайратын жиып алып, тортөбелге қамшы басып, ойнақтап топ ортасына шыға келеді. Жекпе-жекте Түркешті найзасымен шаншып өлтіреді.

Дәулетбай батыр сексен күнге созылған Шорға соғысына да, Маңырақ маңындағы ұрысқа да белсене қатысып, жау ортасын қақ жарып, арттағы әскерге жол ашып отырды. 

 
Ж. Исакаев