- Негізгі бет
- Ақберен
- Батыр өлмейді: мерт...
Батыр өлмейді: мерт болады
Бүгін елімізде Ұлттық аза тұту күні. Отаны мен оның тыныштығы үшін мерт болған барша қазақстандық азаматтардың рухы пейіштік болсын!
Ер есімі – ел есінде...
Нар тәуекел – ер ісі.
Тәуекел нарды жығады.
Көз жұмба дария кешпек жоқ.
От ішінде туған оттан қорықпайды.
Таудан арқасы бардың
Тастан жүрегі бар.
Тісің барда бір шайна.
Жалаң аттың жалымен,
Жалаң қылыш жүзімен.
Қылышты қорқақты
Сойылды батыл соғады.
Күшенген жеңбейді,
Күші көп жеңеді.
Күштінің арты диірмен тартады.
Бір мылтықтың аузына мың кісі сияды.
Кішкене тастан қауақтай бас жарылады.
Теңіз кешкенге өзен сирағынан келмейді.
Кеме келсе, қайық судан шығады.
Алмас қанжарды жұмсақ қайраққа жаниды.
Батыр өлмейді: мерт болады.
Қанша берік дегенмен,
Тәуекел де қажиды.
Көз жұмбай дария кешпек жоқ.
От ішінде туған оттан қорықпайды.
Таудан арқасы бардың, тастан жүрегі бар.
Қару күшті емес, қару ұстаған күшті.
Күшті қауіпті емес, кекшіл қауіпті.
Жұдырық жең ішінде түйілер.
Өткір қырғыш қазан түбін теседі.
Тез қасында қисық ағаш жатпас.
Ер аруағы қарулы.
Ылдисыз өр болмайды,
Қапысын таппас ер болмайды.
Жүк ауырын ер көтереді.
Оқсыз мылтық – таяқ.
Ер жаңылып қолға түсер,
Құс жаңылып торға түсер.
Байға жалтақ, батырға қошемет көп.
Г. Берік