Ұлытау облысының прокурорлары пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратура мәліметінше, Ұлытау ауданының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.
"Қадағалау актілері бойынша жол берілген заңбұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 147 млн теңгеден асатын, жалпы ауданы 90 000 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында құны 5 миллиард теңге болатын жер қайтарылғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова