"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Бел-белесте"

Massaget.kz порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Назарыңызға I томдағы "Бел-белесте" тарауын ұсынамыз.

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қайтқанда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Қат-қабатта"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Жолда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Шытырманда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Бел-белесте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Өрде"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қияда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том, Тайғақта

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том,  "Жайлауда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том, "Еңісте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Оқапта"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Асуда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Тарауда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Эпилог"

Бел-белесте

Бұл Тобықты ауылдары жайлауларына көшіп, орнығып үлгерген шақ еді. Қарт әже Зеренің аулы Бақанас өзенінің жағасына қоныстанған. Шөбі шүйгін, суы мол десе де Бақанас жақ Шыңғыс сыртының өзге жайлауы сияқты емес, ерекше ыстық. Осы ыстықтан мезі болған балалар көптен бері өзенге шомылуды әдетке айналдырған болатын.

Бірде олар Абайдың суға жүзгенін тамашалап, шулап тұрған. Жандарына Тәкежан келіп, бүлдірген теруге барайық деді. Абай да, басқалар да бұл ұсынысты қуана қабылдады. Бәрі демде тайларына мініп, бірен-сарандары екі-екіден мінгесіп, Бақанаспен қатар ағатын Жәнібек суы деген өзеннің бас жағына қарай жолға шықты. Бүгін-ертең ол араға Жігітек пен Бөкенші ауылдары көшіп келеді. Ел келсе, мыналар бұлдірген тере алмай қалады. Ендеше, асығыс барып қайту керек.

Жолды қызық еткен Оспанның қылығы болды. Ол жаңа үйретілген тайға мініп алған екен. Енді тай мөңкіген сайын айғайлап, мәз боп, "Аруақ! Аруақ!" деп ұран салып, жосытып жүр. Балалар оның бұл қылығына әрі күле, әрі қызыға қарайды. Жәнібек суына жетіп, басқалар бүлдірген терген уақытта да Оспан тайымен алысып әлек болды. Бірақ тай қанша мөңкіп, шапса да баланы құлата алмады.

Сөйтіп жүргенде алыстан шаңдатқан жылқы, артынша көшіп келе жатқан ел көрінді. Балалар беттерін ауыл жаққа бұрғанда барып білді, бұл жай көш емес, Бөжейдің қаралы көші екен.

Ішінде аттарын қатар бастырып келе жатқан бір топ қыз ерекше байқалды. Ел өздеріне аңтарыла қарап тұрған балаларға мән берген жоқ. Бірақ, қыздар бұларды көре сала дауыс айта бастады. Жол бойында ауыл немесе бөгде жүргіншілер кезіксе, қаралы көштің қара жамылған қыздары дауыс айтатын салты бар. Мыналар соны бастаған екен. Олардың зарлы үні Абайға қатты әсер етті. Тіпті, көзінен жас аққанын да байқамай қалды.

Оспан мұндайды алғаш көргендіктен, өз өзін ұстай алмай қайта-қайта күле берді. Тәкежан болса, Абайдың жылап тұрғанын жақтырмай, "Өй, әкеңмен араз болған адам. Неменеге сораңды ағызып тұрсың?" деп зекіп қойды. Ол өзін үлкендерше ұстауға тырысатын. Інісі Абайды бос, болбыр бала көретін.

Абай ағасының айтқанына қатты ашуланды. Тәкежан кеткеннен кейін, ол өз ойымен жеке қалғанына қуанды. Жаңа дауыс айтқан қыздардың арасынан көп жұлдыз ішіндегі Шолпандай жарқыраған Тоғжанды көрген еді. Енді, міне, бозбала соны ойлап, Бақанасқа қалай жеткенін де байқамай қалды.

Бөжей ауылдары Жәнібекке көшіп келгенін естісімен, Зере мен Ұлжан Байқошқардағы Құнанбайға кісі шаптырды. Өзінің күткені де осы кез сияқты, Құнанбай қасына Күнкені алып, тағы он шақты қарт-қария, жігіт-желеңді ертіп, Бақанасқа келді. Сөйтіп, саба жиып, сойыс әзірлеп, сансыз көп салт атты Жәнібекке қарай тартты.

Аттылар Бөжей ауылына жақындағанда "Ойбай, бауырым" деп, бәрі жылай аттарын борбайлап шаба жөнелді. Қаралы үйдің сыртында оларды күтіп отыз шамалы еркек тұр екен. Ішінде Байдалы, Байсалдар да бар. Екі жақ жылап көрісті. Одан кейін үйге кірді. Үй іші жылап отырған қатындарға толы. Елдің бәрі көңіл айтқаннан кейін, шу басылып, тек Бөжейдің екі қызы ғана жоқтауын жалғастырды.

"Әкекем... жеткізбей кеттің... арманда кеттің...." деген сөздерден кейін, үй-іші тегіс жым-жырт тына қалған уақытта, қыздар Бөжейдің өзін қойып, тұстастарын айтып, бір кезде Құнанбай атын сап еткізді. Сөздерін қатайтып:

"Жау боп шықты Ырғызбай
Оның аты Құнанбай,
Жүйріктігі құландай,
Шұбарлығы жыландай..." - деп жарып өтті.

Үлкендер бәле шығып кетер ме екен деп қобалжи бастады. Тұнжырап отырған Құнанбайға мына дауыс басқа соққандай болды. Бірақ бұл намаз сияқты бұзылмайтын жол-жора. Істер шара жоқ. Сөйткенше төрде отырған Сары апаң қыздар жоқтауын аяқтай берген сәтін пайдаланып, үн шығарып, Бөжейді мақтай келіп,

"Мына да қарлар не дейді?
Жақсыдан жаман көбейді.
Ескінің асыл көзі еді,
Ұрлап та көмдің Бөжейді", деп қатты айқайлап, қалт тоқтады.

Екі жақ та "айтамыз, жеткіземіз" деген орайлы сөздерін әйелдердің аузымен жеткізді. Осыдан кейін қайталаған да, өршіген де сөз болған жоқ. Құран оқылып, қал-жағдай сұрасып, әңгіме айтқаннан кейін Құнанбай тобы өз ауылдарына аттанды.

Арада уақыт өтіп, күз де келді. Ел қыс қамын жасай бастады. Бөжей өлген соң, Құнанбай да, оған қарсылас жақ та қақтығыспаған еді. Алайда іштен барды салып, ел тартысып, сілкісіп келе жатқан. Енді соның сыртқа шығатын уақыты да жетті. Сылтау табылса, соғысты тезірек бастауға екі жақ та даяр болатын.

Сылтауды Майбасар тапты. Ол "Құлыншақтың бөрте атын Құдайберді ұнатып қалыпты, соны алып кел" деп, атшабарын Торғай руының аулына жібереді. Құлыншақ сәйгүлікті бере алмайтынын айтады. Оған ызаланған Майбасар жанына Құдайберді, Жорға Жұмабай мен Жұмағұлды ертіп, Құлыншақтың үйіне  барып: "Құнанбайдың бір баласы еркелеген екен. Соны көтере алмадың ба?" деп ренішін білдіреді.

Құлыншақ та жай адам емес. Торғай руының белді кісісі. Ел ішінде "бес қасқа" деп атанған бес ұлдың әкесі. Ол Құнанбай жағында болғанымен, соңғы уақытта мырзаға көңілі толмай жүрген. Бөрте атты басқа уақытта берер еді. Ал бұл жолы бөрте ат жараның бетін ашуға, іштегі ойды айтуға себеп болып тұр. Дауды пайдаланып, Құлыншақ Торғай руы Ырғызбайдан кетеді, Жігітек жаққа көшеді дейді.

Майбасар оған қатты ашуланып, ауыр-ауыр сөз айтады. Сол сәтте үйге Пұшарбай бастаған бірнеше жігіт кіріп, кейін Құлыншақтың бес ұлы мен Жігітек жақтан келген оннан аса жігіт жабылып, Майбасарды тырдай жалаңаштап, сабап тастайды. Жолдастарын да оңдырмайды. Тек Құдайбердіге ғана тиіспейді. Оны Құлыншақ жанына алып, ұрғызбай қояды. Сөйтеді де, елді жинап, Жігітек пен Көтібақтың ауылдарына қосылып, Қарауыл суының арғы бетіне өтіп кетеді.

"Майбасар мен Құдайбердіні Жігітек сабапты. Құлыншақ аулы көшіп кетіпті" деген хабар ел арасына тез тарайды. Құнанбай бұған қатты ашуланады. Атқа мініп, жасақ жинап, қашқындарды қуып жетпек болады. Алдынан кезіккен бірінші көшті көре сала "Шабыңдар! Айдап әкеліңдер!" деп бұйрық береді. Бірақ ол ашу үстінде аңғармапты, бұл жай көш емес, Бөжейдің қаралы көші екен. Жігіттер мұны кеш түсінеді. Бірақ, түсінген сәтінде-ақ аттарын кері бұрады.

"Бөжейдің қаралы көшін шауыпты! Аруақты қорлапты!" деген хабар қарсы беттің барлық ауылына тарайды. Бұл жолы Байдалы мен Байсал да ашуланып, Бөкенші, Жігітек, Көтібақты тегіс атқа мінгізумен қатар, туыс саналатын басқа руларға да кісі шаптырып, көмек сұратады.

Ертесі екі жақ кемі мың-мыңнан әскер шығарып, бетпе-бет келеді. "Мұсақұл соғысы" аталып, кейін талай заман Тобықтының есінен кетпеген соғыс басталады. Үш күнге созылған майданда екі жақ тең тарқасады. Ырғызбайлар жеңе алмай, үнсіз қалады, Жігітек жағы қарсыласуға әбден жарайтынын көрсетіп, жеңгендей кейіпте жүреді.

Арада тағы он күн өткенде, Құнанбай аулына Чернов деген шенеунік келді. Жанында он бес казак-орысы бар. Бұл Байдалы тобының ойластырған жоспары еді. Олар Мұсақұл соғысы басталмай тұрып, Құнанбайдың үстінен шағым жазып, Қарқаралыға Түсіпті жіберген. Черновтың келген себебі, сол қағаздардың орталыққа жетуімен тікелей байланысты. Шенеунік бірден байлау жасаған жоқ. Бәрін тыңдап, Құнанбайға "Ертең бізбен Қарқаралыға аттанасың. Жолға дайындал" деді.

Құнанбай осы жайтты ақылдаспақ болып, ағайынын жинады. Бірақ жиын кезінде ешкім кеңес айта алмады. Ақыл Абайдан шықты. Ол "Тағы арыз бармас үшін жауығып отырғандардың көңілін табу керек" деді. Құнанбай алғашында қарсы болғанымен, ойлана келе басқа амалы жоғын түсініп, көнді. Бітістіру ара ағайын Байғұлақ пен Қаратайға тапсырылды. Олар өз ісін жақсы атқарды. Қоймай жүріп, Байдалыларды көндірді. Сөйтіп, Жігітек, Бөкенші, Көтібақ пен Торғай рулары Ырғызбай руынан 15 қыстау алды, енді арызданбайтын боп келісті.

Қарсы жақты көндіргенімен, бұған дейін жазылған арыздар бар. Сондықтан Құнанбай бәрібір Қарқаралыға барудан тайқи алмады.

Арада біраз уақыт өтті. Ел қыстауға келісімен, Ғабитхан молда Оспан мен Смағұлды оқыта бастады. Абай әкесі кеткелі кітаптарына ден қойды. Кейде ғана үйден шығып, сары тазысын жанына алып, қоян қуатын. Бірер рет Қарашоқыға барып, Күнкенің аулында жатып, Құдайберді ағасының қасында болды. Ол бұл ағасын қатты құрметтейтін. Құдайберді де оны ерекше бауыр тартатын.

Ойлана жүріп, осы уақытта Абай бар үлкеннің шама-шарқын танып та алған. Ырғызбайдан тиген он бес қыстауды Жігітек жағындағы рубасылар өздері иемденгенін, кейін өзара жер бөлісе алмай, қырбайласып жүргенін білгенде, осыған дейін "Ел жылады, елдің белі талды" дегендері бос сөз екенін түсінген.

Қыстың тең жартысы ауған шақта да Құнанбай елге қайтпады. Ол Қарқаралыға барысымен аға сұлтандықтан түссе де құр жатпады. Семейдегі Тінібек деген саудагердің ұлына Мәкіш деген қызын атастырды. Онымен құдаласа отырып, ақша алды. Кейін Алшынбай арқылы Майыр мен Черновқа пара беріп, істің тоқтатылуын талап етті.

Әлгілер келісті. Сөйтіп, бәрі реттелді дегенде, Омбыдан Майырға Құнанбай мен оның үстінен түскен барлық құжатты әкел деген бұйрық келеді. Майыр пара алып қойғандықтан қатты қысылып, "Жағдайды өзім реттеймін, тек Құнанбай Омбыға баруы тиіс" дейді. Оның бұл сөзін Алшынбай, Чернов пен Тінібек те қолдайды.

Құнанбай келіседі. Бірақ Майырға қатты сенбегендіктен қосымша жоспар ойластырады. Ол жоспар Омбыға барар жолда Кереку қаласына жеткенде жүзеге асады. Жанына сенімді жігіті Мырзаханды ерткен Құнанбай Майырмен жеке сөйлесу үшін кездеседі. Сол кездесуде ол өзінің үстінен жазылған арыздың бәрін көрсетуді сұрайды. Майыр Құнанбайдың алдына бүкіл құжатты жайып салады. Артынша өзі коньяк алып ішеді. Майыр мас болды-ау дегенде Құнанбай оны ту сыртынан құшақтап, Мырзаханға бұйрық беріп, құжаттарды өртеп жібереді. Майыр ештеңе істей алмайды. Өз ісін тындырған Құнанбай кете барады.

Омбыға жеткенде Майыр "құжат атқорада өртенді" деген өтірік акт толтырады. Ал Құнанбай үстіне түскен арыз жоқтығына байланысты шолақ тергеліп, Қарқаралыға қайтады.

Қарқаралыға келісімен ол көктемге шейін елге оралмай шаруаларын аяқтаумен айналысты. Енді аға-сұлтан болмаса да Майбасардың орнына Тобықтыға старшын боп сайланып алды. Ал Құнанбайдың Керекуде құжат өртегені Мырзахан арқылы бүкіл елге аңыз боп тарады.

Қыс өтіп, көктем келді. Абай елден оқшау жүруді әдетке айналдырды. Қиялының бәрі Сүйіндіктің қызы Тоғжанда. Оны ойлап, іштегі сезімін әнмен, хатпен шығаруға тырысатын. Сергу үшін кейде аңға баратын. Сондай күндердің бірінде Абай жапан түзде Ерболды кезіктірді. Бұл Сүйіндіктің аулынан қайтып бара жатқанда жолыққан жолаушы Ербол. Алғашында танымай қалды, кейін есіне түсіріп, осы бір жайдары жігітпен кезіккеніне қуанды. Оны үйіне қонақ қылып шақырып, екеуі сырлас та боп алды. Абай Ерболға жүрегінің сырын ашып,  "Тоғжанға білдір" деген өтініш айтты. Ербол Абай шығарған өлеңдерді жаттап алып, сәлемді Тоғжанға жеткізбек боп аулына қайтты.

Арада үш күн өткенде, Ербол Жидебайға қайта келіп, Абайды өзімен бірге Түйеөркешке алып кетті. Айтуынша, сәлемін жеткізген, Тоғжанның жеңгесі делдал болуға келіскен, қыз да жүз көрісуге қарсы емес екенін білдірген. Абай бұл жаңалыққа қатты қуанды. Сөйтіп, Түйеөркешке қалай жеткенін байқамай да қалды.

Екі жігіт алдымен Ерболдың аулына келді. Бұл ауыл Қарауыл өзенінің бергі жағында, Сүйіндіктің аулы арғы жағында екен. Олар түн болғанша күтті. Өйткені Құнанбайдың баласына - араз Сүйіндік аулына баруға жол жоқ. Ұсталса, ниетін білсе, оңбайды.

Түн келіп, уәделі уақыт келгенде Абай мен Ербол өзеннің арғы бетіне жаяулап жетті. Асылбек үйінде жоқ екен. Жүздесу соның отауында өтетін болды. Ербол Абайды үйге кіргізіп, жастар қысылмасын деп өзі арғы жағаға барып аттарды дайындап отырамын деп, кетіп қалды. Тоғжанның жеңгесі де шай әзірлемек боп, тысқа шығып кетті. Абай мен Тоғжан оңаша қалды. Әуелде екеуі де қатты қысылды. Кейін ашыла сөйлесіп, көп жайларды айтысты. Шын сағынышты, ынтық жандар боп ұғысты. Таңға жақын үйге Асылбектің келіншегі кіріп, өзен суының тасып, шарасынан шыққанын хабарлады. Жаяу өту мүмкін емес. Бұл жайтқа әсіресе Тоғжан қатты уайымдап: "Судан қалай өтесіз? Атыңыз қайда?" деді. Абай енді аңғарды. Өзі жалғыз, аты арғы жақта, таң атып келеді, қалса жағдайы қиын.

Ол амалын табамын деп, қоштасып, өзенге қарай асықты. Өзенді өрлей келе өтетін жер таппай, сирек талдың арасына жасырынып, Ербол қыстауына көз тастады. Көп кешікпей арғы жағадан Ербол да көрінді. Ол Абайды арғы бетке өткізіп алды.

Абай Ерболға "Дос жақсысы сен екенсің" деп ризалығын білдірді. Сөйтіп, атын ерттеп, досымен қоштасты да Жидебайға жүріп кетті.

Ел қыстаудан киіз үйге шығып қалған кезде Құнанбай Қарқаралыдан оралды. Жұрт оның оралуын үлкен қуанышпен қарсы алды. Жарты айдай уақыт өтіп, құтты болсын айтқан қонақ саябырлағанда Құнанбай үй ішін жинап, барлық туысына арнап сөз бастады.

Ол өз басының жалғыздығын осы жолы қатты аңғарғанын, құдалары қатты көмектескенін айта келе, Оспанды Байтас деген кісінің қызына атастырғанын, Тәкежанды осы жылы үйлендіретінін, Абайды көп кешіктірмей қайындату керектігін жеткізді.

Үй іші бұл жаңалықтарды жақсы қабыл алды. Оспан өзіне қалыңдық айттырылғанын естіп: "Қатын ба? Е, алам. Әкел! Маған қатын керек!" деп күлдірген. Абай іші бір аса суық нәрсеге қаттыққандай тіксініп қалды. Тоғжан есіне түсіп, өзін соның алдында қылмыс жасағалы тұрғандай сезінді. Ұлжан ұлының пішінін жақтырмады, бірақ "ұялып тұрған шығар" деп байлады.

Көп уақыт өтпей іші бір жақта, сырты бір күйде жүрген Абай қайнына аттанды...