Күнделікті тұтынып жүрген кейбір өнімдердің пайдасынан гөрі зияны көп екенін білген бе едіңіз? Ағзаңызға зиян әкелетін он өніммен таныс болыңыз.
1. Майға қуырылған картоп (чипсы). Майға қуырылған картоп өз бетінше пайдалы тағам емес. Ал чипстерде табиғи ештеңе қалмайды: тек канцерогендер, май, ароматизаторлар мен дәмдеуіштер. Чипстерді күнделікті тұтыну онкологиялық аурулардың пайда болуына, сонымен қатар салмақ қосуға әкеледі. Бұған картоп-фриді де жатқызуға болады.
2. Газды сусын. Көпіршікті боялған сусын қант қосылып, суға араластырған гуашьтан да зиянды. Фаст-фудты газдалған сусынмен ішкен жөн дейді, бірақ бұл дұрыс емес: газды сусын қарынды қайта аштыртып, тағы бір гамбургер жеуге итермелейді.
3. Фаст-фуд. Зиянды тағамдардың қатарына кіріп тұрғаны таң қаларлық емес шығар. Тез дайындалатындығы және арзандығынан басқа тағы қандай артықшылығын білесіз? Ешқандай артықшылығы жоқ. Тезірек бірдеңе дайындап жіберу керек болса, ірімшік, көкөніс, салат жапырақтары мен креветкадан тура сондай бутерброд жасап алуға болады. Және ешқандай соуссіз және майонезсіз.
4. Майонез. Әңгіме дүкен майонезі жайлы. Тағам рационынан мүлде алып тастаса, бір-екі аптада беліңіз бірнеше сантиметрге арықтағанын байқайсыз. Майонездің қатарына кетчуп пен басқа да соустарды қосуға болады. Олар ароматизаторлар, май және дәмдеуіштерден тұрады, ал табиғи өнімдерден ештеңе жоқ. Оның орнына майлылығы төмен қаймақ пайдалансаңыз дәмдірек және пайдалырақ болады.
5. Тұз және қант. Өздеріңіз білетіндей, тұз бәне қантты - ақ өлім деп те атайды. Тұз ағзада судың жүріп-өтуіне кедергі келтіреді және керек емес жерлерге жиналып қалады. Қантпен бәрі белгілі – арықтағысы келетіндерге бұл нөмірі бірінші жау. Бұл өнімдерден мүлде бас тарту мүмкін емес, алайда тағамды қатты тұздамаса біраз уақыттан кейін тағамдардың табиғи дәміне үйреніп кетуге болады. Ал қантты балмен алмастыру ләзім.
6. Алкоголь. Бұның ағзаға зияны жайында бәріне мәлім. Аптасына бір рет алкологь ішу – бұл алкоголизмнің белгісі, мейрамды арақсыз өткізе алмау да қауіп тудырарлық. Бастапқыға, арзан алкогольден, мысалы, сырадан бас тартып үйрену керек. Тағы бір нұсқа – алкоголь ішпейтін ортамен танысу.
7. Шұжықтар. Алдыңызға келген сосискілер неден, қашан жасалғанын кім біледі? Етті тұздау мен сүрлеу оның ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. Яғни, уақыт өте келе пайдалы элементтерінен айрылады, ал өліктің элементтері қалады. Бірақ біз оны байқамаймыз, өйткені оған түрлі ароматизаторлар мен дәмдеуіштер қосылған.
8. Қуырылған тағамдар. Күнбағыс майы мен маргаринде қуырылған тағамдар пайдалы қасиеттерінен айрылады, сонымен қатар канцерогендерді таратады. Оған қоса, қуыру кезінде өнімдегі табиғи су майға айналады, бұл тағамның калориясын арттырады. Өнімдерді сәл қуырып, кейін духовкада пісіріп алса керемет болатын еді.
9. Тәттілер. Зиянды тәттілердің қатарына мармелад, шайнап жейтін конфеттер мен леденцыларды жатқызуға болады. Бұлар бір тілім торттан да зиян. Олар көбіне жасанды бояғыш заттар мен ароматизаторлардан тұрады. Тәтті жегіңіз келсе, бал, кептірілген жемістер немесе қара шоколадты таңдаңыз.
10. Ақ нан. Бұған барлық ұн тағамдарын қосуға болады. Жаңа піскен нан мен бәліштер өте дәмді, бірақ олардың құрамында пайдалы ештеңе қалмайды. Өйткені, нан жасайтын ұн барлық құнарлы өзектерінен айрылған. Сондықтан дәнді-дақылды нан көбірек пайдалырақ.