Йогурт артық салмақпен күреседі

Йогурт артық салмақпен күреседі
Фото: bestfon.info

Йогурт – сымбат пен мықты денсаулықтың кепілі. Диетологтар бір ауыздан йогуртты нағыз пайдалы, зияны жоқ тағам дейді. Оның сыры неде? 

Йогурт кальцийға бай

Йогурт құрамындағы кальций ағзамызға қиындықсыз сіңеді. Бір стақан биойогурт (тірі бактериялар қосылған түрі) ағзаға көптеген қоректік зат жеткізеді, олардың бастысы – сүйектерді берік қылатын кальций. Мамандардың айтуынша, сүтті тағамдарды жиі қабылдау сүйек ауруларының алдын алады.

Йогурт құрамында ақуыз көп

Бір стақан жеңіл йогуртта 5-9 грамм толыққанды ақуыз болады. Ол – ағзаға қажетті барлық аминқышқылдың қайнар көзі. Бұл өте маңызды, себебі ағзамыз барлық аминқышқылды өзі-ақ синтездейді. Бірақ 9 аминқышқыл түрі ағзамызға қажет болғанымен, тек тамақ арқылы бойға сіңеді. Яғни ақуыз күнделікті рационымызда болуға тиіс.

Йогурт артық салмақпен күресте көмектеседі

Бұл – йогурттың тағы да бір жақсы қасиеті. Май мен ақуыздардың дұрыс қатынасы қарнымызды тойдырып, артық салмақ жинаудан сақтайды.

Йогурт иммунитетті берік қылады

Жиі қабылдайтын дәрілер, антибиотиктер ағзамызды болашақта қорғайтын пайдалы бактериялардың көзін құртады. Йогурт – соларды қалпына келтірудің ең оңтайлы жолы. Заманауи бифидо, лакто, ацидофильді бактериялары бар йогурттар ас қорыту жүйесіне көмектесіп, дәрумендер мен минералдардың сіңірілуін жақсартады.

Йогуртты лактоза қабылдай алмайтын жандарға да жеуге болады

Сирек болса да кездесетін бұл ауру адам ағзасындағы лактоза шамасына байланысты болады. Бұл фермент лактоза, яғни сүтті көмірсудың қабылдануына жауап береді. Яғни сүтті тағамдарды қабылдай алмайтын адамдар аурудың бастапқы кезеңінде құрамында лактоза аз йогурттарды жей алады.

Ас қорыту жүйесіне пайдалы

Біз жейтін кез келген тағам асқазанымызға бактериялар, вирустар, улы заттар жеткізеді. Олардың бәрін қорытып, зиянды вирустарға төтеп беру асқазанға жүктеледі. Стресс, гормоналды өзгерістер, түрлі дәріні қабылдау оған тым ауыр болуы мүмкін. Қажетті пайдалы бактериялар өз өмірін мұндай ортада жалғастыра алмауы ғажап емес. Сондықтан асқазанға көмектесіп, оның жұмысын реттеу үшін йогуртты күнде жеңіз.

Араларыңызда йогуртсүйгіштер бар ма?

 

Г. Берік