Йогамен айналысушылар шайы денсаулыққа өте пайдалы. Мұндай шайдан бас тарту оңай емес. Өйткені ол ерекше дәмімен, хош иісімен жаныңызды баурап алады.
Бұл шай қанды тазалауға, ас қорыту жолдарын жақсартуға, жүйке-жүйелерін тыныштандыруға көмектеседі. Сонымен қатар тұмауға қарсы белсенді күресіп, көңіл-күйді көтереді. Ал егер ағзаңызды толық тазалағыңыз келсе, 3 күн тамақ ішпей, осы шайды тұтыныңыз. Күніне 15-20 кесесін ішуіңіз керек.
Йога шайы дәруменге және микроэлементтерге бай. Сондықтан оны таңғы кофенің орнына да тұтынуға болады. Ол үшін қажетті нәрселер:
- 9 қалампыр түйіршігі;
- 9 түйір кардамон;
- 1 таяқша даршын;
- 4 шай қасық куркума;
- 5-10 шай қасық жанжабіл;
- 0,5 шай қасық қара шай.
Дайындалу жолы:
1. Дәмдеуіштерді өз қалауыңызша қосуға болады. Өйткені әркімге әрқалай ұнайды.
2. Барлық ингредиентті (шайдан басқа, шай ең соңында қосылады) қайнаған суға салыңыз (су 2 литрден кем болмау керек). Содан соң баяу жанып тұрған отқа 5 минутқа қойыңыз. Үстіне 1 стақан сүт қосуға да болады.
Бұл шайға бал қосып ішкен өте пайдалы.