- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ыстықтан қорғанудың жолдары...
Ыстықтан қорғанудың жолдары
Жазды бәріміз жақсы көреміз. Өйткені, жазда көп демалып, қызықты күндерді бастан кешіреміз. Алайда, бұл мезгілдің де кемшіліктері бар. Мысалы: маса, кене және ыстық ауа райы. Әрине, дамыған заманда олардан қорғануға болады. Үйімізге салқындатқыш орнатып ыстықтан қорғанып жатамыз. Алайда, оған бәріміздің бірдей қолымыз жете бермейді. Сондықтан, ешқандай салқындатқышсыз ыстықтан қорғанудың жолдарын ұсынғымыз келіп отыр.
1. Жатар алдында бір кесе су ішіңіз
Бұл сіздің ағзаңыздағы судың көлемін қалыпқа келтіріп, құрғақтықтан сақтайды. Керуетте қозғала бермей, тыныш әрі тәтті ұйықтайсыз.
2. Суға түсіңіз
Ұйықтар кезде міндетті түрде душқа түсіңіз. Сонда ұйқыңыз сергек болады.
3. Үстіңізді сулы сүлгімен сүртіңіз
Сүлгіңізді мұздай суға малып, жақсылап сығып, денеңізді, мойыныңызды, қолдарыңызды сүртіп жатыңыз.
4. Барлық техникалық құралдарды өшіріңіз
Әсіресе, ұялы телефон, ноутбук сияқты техникалар үйдің ішіндегі ауаны тарылтады.
5. Жаймаңызды сулаңыз
Жатар кезде ыстық көрпенің орнына жаймаңызды сулап, соны жамылыңыз.
6. Жалғыз жатыңыз
Жазда бір керуетте екі адам жата алмайды. Сондықтан, жалғыз жатқаныңыз абзал.
7. Жарықты жаға бермеңіз
Жарықты барынша ерте өшіруге тырысыңыз. Себебі, шамнан бөлінетін жылу үйді ысытып жібереді.
8. Кешкі астан бас тартыңыз
Әйтпесе, ас пісіретін пеш пәтеріңізді ысытып жібереді. Бұдан кейін ұйықтау да оңайға соқпайды.
9. Есік-терезелерді ашып тастаңыз
Жел үйіңізді кондиционерден кем салқындатпайды.
10. Жерге жатыңыз
Ыстық ауаның жоғары қарай көтерілетінін білесіздер. Ал төменде ауа салқынырақ болады. Сол себепті, жерге жатып үйреніңіз.