Кей өнімдердің жазғы рационда жиі қолданылуы сіздің денсаулығыңызға теріс әсер етеді. Оларға ерекше назар аудару керек.
Ыстық мезгіл үнемі тамақтану режимі мен өмір салтын өзгертуді талап етеді. Мақалада ұсынылған тағамдар жаз мезгіліндегі рационнан алуынуы керек. Оның түрлі себептері бар.
Қызыл ет
Ыстықта ас қорыту жолдарының жұмысы баяулайды - біз мұны тәбеттің төмендеуінен байқаймыз. Бұл кезеңде терморегуляцияны сақтау үшін денеге көп энергия жұмсаудың қажеті жоқ, өйткені бұл суық мезгілде болады. Сондықтан қорытылуы қиын және ұзақ уақытты қажет ететін тағамдарды тұтынуды барынша азайту керек - мысалы, қызыл ет. Жануарлар протеинінен толығымен бас тартудың қажеті жоқ.Тамақтанған сайыен 30 г ақуыз тұтыну керек. Ең жақсы шешім - қызыл етті құс еті, балық, жұмыртқа және теңіз өнімдерімен алмастыру.
Сүт өнімдері
Біріншіден, олар ыстықта тез ашып кетеді, бұл улану қаупін арттырады. Екіншіден, сүт өнімдерінде лактоза бар, оның көп мөлшері ағзаға ауыр тиеді. Сүт, айран, йогурт немесе сүзбе сынды өнімдер ас қорыту проблемаларын тудыруы мүмкін: іш кебу, метеоризм, диарея.
Бірақ балмұздақ туралы не деуге болады? Жазға арналған тамаша тағам сияқты. Бірақ балмұздақтың құрамында майдың көп мөлшері бар, ол қантпен араласқанда ас қорыту жолдары үшін ауыр қоспа болады. Біз сізге табиғи нұсқаларды таңдауға кеңес береміз - мысалы, йогурт балмұздақ немесе шербет.
Кәмпиттер, кондитерлік өнімдер және ұн өнімдері
Олар дененің құрғауына ықпал етеді, өйткені аталған өнімдерді қорыту көп ылғалдылықты қажет етеді, ал ыстықта денеде онымен проблемалар туындайды. Егер сіз олардан мүлдем бас тарта алмасаңыз, бұл тағамдарды пайдалануды сәл шектеңіз.
Іш айдайтын өнімдер
Мұндай әсері бар тағамдарды абайлап жеңіз. Мысалы, қарбыз, шие, өрік, әйтпесе денеге ыстықта өте қажет бағалы суды тым тез жоғалтасыз. Жемістерден кейін су ішуді ұмытпаңыз.
Мұздай сусындар
Олар салқындатудың ең айқын жолы сияқты көрінеді, бірақ бұл олай емес. Өйткені, дене температурасының күрт өзгеруіне төтеп беру өте қиын. 10 градус ережесін есте сақтаңыз: сыртта 30 градус болса, судың ең төменгі температурасы 20 градус болуы керек.
Алкоголь
Өйткені, ыстықта дене әдеттегіден әлдеқайда көп су жоғалтады, ал алкоголь шөлді кетірмейді, тек оны арттырады, құрғауды тездетеді және қызып кету қаупін арттырады. Бұлар денсаулыққа ауыр зардаптарға әкелетін қауіпті жағдайлар. Әсіресе естен тану мен жүрек соғысы артуы мүмкін.
Ыстықтағы үлкен қателік - тек салқын тағамдарға назар аудару. Әрине, жазда тек окрошка, салат және қарбыз жеу жақсы, бірақ жылы тамақсыз өт қабыңыз қалыпты жұмыс істей алмайды.
Күніне кем дегенде 1-2 жылы тамақ жеу керек. Түскі асқа да назар аудару керек. Күндізгі ыстыққа байланысты тамақтанғыңыз келмесе де, түс кезінде ас үшу керек. Оның орнына кешке тойып тамақтансаңыз, ағзаға бұл ауыр тиеді. Түн ол үшін қалыпқа келу уақыты, сондықтан кешкі ас жеңіл болуы керек.