Темекі шегу көктем, жаз, күз, қыс болсын, таң немесе кеш болсын, қай кезде де зиян. Және оның зиян екенін бәрі біледі. Десе де никотин ыстықта өзінің патологиялық әсерін бұрынғыдан бетер күшейтіп, жүрек-қан тамырлары үшін нағыз уға айналады.
Дәрігер Жаңылсын Алпанайқызы қазіргідей ыстық ауа райы жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйелеріне онсыз да үлкен жүктеме түсіретінін айтады. Нәтижесінде классикалық және электронды темекінің уытты әсерінің ағзаға зияны арта түседі. "Себебі темекі шегудің негізгі қауіпті салдары жүрек-қан тамырлары аурулары болып табылады", - дейді маман.
Маман ағзаның өзі гипоксияға ұшыраған кезде психоактивті заттарды тұтыну қажеттілігі төмендейтінін атап өтті. Алайда, темекіні тұрақты шегуші адамдар мұны байқамайды және әдетінше темекі шеге береді, ал оның уытты әсері мен қаупі арта түседі.
Мұның бәрі ыстық кезде естен тану мен мидың гипоксиясына алып келеді. "Темекі мидың қан тамырларының спазмын тудырады. Бұл одан әрі естен тану және инсультқа дейін жеткізуі мүмкін", - деді дәрігер.
"Темекі шегушілердің көпшілігі ыстық күні темекі шегуге көп зауқы соға бермейтінін айтады. Ауыздың құрғауы, бас айналуы сынды жағымсыз сезім салдарынан шылымнан әдеттегідей рахат ала алмайды. Яғни, мұның да өз пайдасы бар: күннің ыстығы психологиялық тәуелділіктен арылуға көмектеседі. Өйткені ауа райы кесірінен темекі шегу үрдісі соншалықты қажет емес секілді көріне бастайды. Бір темекіні бітірудің өзі қиынға соғады. Себебі, темекі ұшындағы температура Цельсий бойынша шамамен 600 градус құрайды. Оның үстіне ыстық түтінді жұтатынын ойлаған адам темекі шегуге құлықсыздық тудыруы мүмкін. Нашақорлық - бұл тәуелділік, ал дененің өзі температураның танытады. Демек одан бас тартқан сәттеріңізде сіздің өкпеңізге баратын никотин мөлшері аз болады, ал темекінің ең зиянды бөлігі күл салғышта қалады. Егер сіз ішкі түйсігіңізге мән беруге дағдыланған болсаңыз, онда сіз ағзаңыздың мұндай ыстық ауа-райында темекі шеккісі келмейтінін түсіне аласыз. Демек жазда темекі тастауға талпынып көруге болады.
Ыстықта жиі терлейтінімізге байланысты көп сұйықтық жоғалтамыз. Біз бұл шығынның орнын "салқын нәрсенің" көмегімен өтейміз. Яғни, қарапайым суық су немесе мұздатылған көк шай ішеміз. Темекі шегудің оған қандай қатысы бар дерсіз... Пайдасы мынада: күнделікті 2-3 литр су ішу сіздің денеңізден никотин мен токсиндерді кетіруге көмектеседі. Аптап ыстықты пайдаланып, темекіні тастаңыз," -деп кеңес берді маман.