Адамға кез келген қимыл мен қозғалыс пайдалы. Тіпті ыдыс жуудың өзі адамды қимыл-қозғалысқа келтіріп, содан қан айналымы жақсарады. Осылай дейді АҚШ-тың Алабама университетінің мамандары.
Инсульт пен қозғалыс аздығының арасындағы байланысты зерттеген мамандар гипертония шалдығып, инсультке тап болудың негізгі себебі – қозғалмау, жүрмеу деген тұжырымға келген. Тіпті, жай жүрудің өзі қозғалыс болып саналғандықтан, бау-бақшаға қарау, ыдыс жуу мен үй тазалау – әйтеуір кез келген қозғалыс адамға пайдалы дегенді айтады.
Инфаркт пен инсультке әкелетін себептер бір. Кейде айырмашылық болуы мүмкін.
Зерттеу көрсеткендей, көп отыратын, аз қозғалатын адамның инсульт алу қауіпі өте жоғары.
Физикалық қозғалыс пен қимыл-қозғалысты үшке бөліп қарауға болады: жеңіл, ақырың және интенсивті. Жеңіл қозғалысқа жаяу жүру, турникке тартылу, дүкен аралау, тамақ дайындау мен ыдыс жуу, үй ішін жинау, пианино мен домбыра ойнау – осының бәрі жатады.