- Негізгі бет
- Денсаулық
- Вирусолог маман күзгі...
Вирусолог маман күзгі суық тиюден қалай сақтану керектігін айтты
Күзгі суық антициклон әсерінен қазақстандықтардың көбі суық тиіп, әлсіздік сезінуде. Ресейлік вирусолог Павел Волчков күзгі тұмау вирусына қарсы ұтымды қорғану шаралары жайлы бөлісті, деп хабарлайды Мassaget.kz life.ru сайтына сілтеме жасап.
Ол дер кезінде вакцинациялау және D дәруменін қабылдау аурудың қаупін азайтуға көмектесетінін, бірақ қанша тырысқанмен вирустардан 100% сақтануға келмейтінін атап өтті.
Маманның айтуынша, вакцинация аурудың алдын алуға септігін тигізгенімен, көп жағдайда тұмау вирустары мутацияға ұшырайды. Осыған байланысты фармацевтикалық компаниялар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамдарына назар аудара отырып, күзге қарай қабылдайдын дәрі-дәрмектерді жаңарту үстінде.
Сонымен қатар, Волчков D дәруменін қабылдауды ұсынд. Әсіресе жазда жеткілікті күн сәулесін қабылдамағандар үшін D дәрумені аса қажет. Оның айтуынша, қосымша дәрумендерді тамыз айының аяғынан бастап және күз мезгілі біткенше қабылдау керек.
«Ашытылған сүт өнімдері D дәруменінің баламасы ретінде ішсе болады», - деп қосты вирусолог.
Қандай тағам өнімдерінде вирусқа қарсы дәрумендер бар?
Күзгі вирустарға қарсы тұру үшін иммунитетті күшейтетін көкөністер мен жемістерді тұтыну маңызды екенін атады вирусолог. Мәселен:
- сарымсақ – табиғи антибиотик: оның құрамындағы аллицин вирусқа қарсы әсер көрсетеді;
- зімбір – қабынуға қарсы және иммунитетті күшейтеді;
- цитрустық жемістер (лимон, апельсин, грейпфрут) – С дәруменіне бай, ол иммунитетті күшейтіп, ағзаның вирусқа төзімділігін арттырады;
- қызанақ – антиоксидант болып табылатын ликопинге бай, иммундық жүйені қолдайды;
- брокколи – С, А және Е дәрумендеріне бай, ағзаның вирусқа қарсы тұруына көмектеседі;
- қызылша – құрамындағы бетаин және С дәрумені иммунитетті күшейтеді;
- шпинат – иммунитетті нығайтатын дәрумендер мен антиоксиданттарға бай.
Физикалық жаттығулардың маңызы
Сарапшылардың пікірінше, физикалық жаттығулар тек арықтаудың және әдемі мүсіннің кепілі ғана емес, тұмау мен иммунитетті нығайтудың да басты құралы. Ауруға қарсы тұру және күні бойы қуат алу үшін әр таңды жиырма минуттық жеңіл тыныс алуы жаттығуынан бастау және дұрыс тамақтануды ұстану жеткілікті.
.
Д. Литпин