Вирусолог, Пирогов атындағы Ресей ұлттық ғылыми-зерттеу медициналық университетінің доценті Михаил Розанов жақын арада коронавирустың жаңа штаммдарының жаппай анықталатынын ескертті. Бұл туралы govoritmoskva жазды.
Маман адам популяциясындағы COVID-19 эволюциясы ерекше емес, бірақ ол жеделдейтінін атап өтті, өйткені вирус бұрын адамдармен байланыста болмаған және қазір белсенді мутацияға ұшырап жатыр. Сонымен қатар, пандемия кезінде ғылым дамыды, сондықтан жаңа штаммдар тезірек анықталады.
"Енді вирустық РНҚ-ның кең ауқымды секвенциясы бұрын байқалмай қалуы мүмкін штаммдарды анықтайды", - деді Розанов.
Алкагольдің коронавирусқа әсері туралы мамандардың пікірі екіге жарылғанын жазған болатынбыз. Америкалық ғалымдар тәулігіне бір рет ішімдік ішу ағзаның COVID-19-ға төзімділігін арттыратынын айтты. Алайда ресейлік мамандар бұл мәлімдемеге келіспейді.
Америкалық сарапшылар пікірінше, ғылыми экспериментке қатысушылар күніне орта есеппен бір стакан алкоголь ішкен. Олар вирус тасымалдаушысымен байланыста болғанда вирус жұқпаған. Бұл ретте іс жүзінде ішімдік ішпегендер вирус жұқтырған.
Бірақ ресейлік сарапшылар мұндай "алдын алу шарасының" пайдасынан гөрі зияны көп екеніне сенімді. Сарапшылар алкогольді күнделікті, тіпті аз мөлшерде ішу қауіпті болуы мүмкін дейді.
"Корсаков" медициналық орталығының бас дәрігері, нарколог Алексей Казанцев кез келген ішімдік иммунитетті жақсартатынына күмән келтірді.
"Профмед" клиникасының бас дәрігері Еркен Иманбаевтың пікірінше, медициналық тұрғыдан алғанда, алкоголь ішуге арналмаған.