Иә, сиыр ВИЧ-ке қарсы дәрілердің қайнары болып шықты. Сиыр сүтінен алынған емдік құрам бұл дерттің бетін қайтаратынына Мельбурн университетінің ғалымдары сенімді.
Тәжірибе көрсеткендей, сиыр төлдеген кезінде ВИЧ ақуыздарын енгізген жағдайда ағзада ауруға қарсы құрам бөлінеді екен. Осы бөлінген сұйықтықты дәрмек ретінде алуға болады, деп жазады The Herald Sun.
Зертханада сиырдан бөлінген дәрілік сұйықтық адам бойындағы жасушаларына вирустың таралып кетуіне жол бермеген. Мұндай антидене сұйықтығы бір сиырдан 1 келі салмаққа дейін алынады. Бұл өте пайдалы болмақ. Шынтуайтына келсек, адам баласына мұндай дәрудің ешқандай да зияны жоқтығын әлі де дәлелдеу керек. Ал алынған антиденелер – жыныстық қатынас уақытында жұғуы мүмкін қауіпті вирустардан қорғайтын заттар өндіруге таптырмас шикізат көрінеді. Адамзат әлі де дауасын ойлап таппаған бұл аурудан әлемде күніне 5000 адам қайтыс болады екен. Ал әрбір 6 секунд сайын бұл дерт келесі бір адамға жұғып отыратынын білесіз бе? Бұл дегеніңіз бір тәулікте жер бетіндегі 7400 адам қатерлі ауруды жұқтырып алады деген сөз.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: wallplanet.ru