Варикоз дертінің атауы "varix" (түйін) деген латын сөзінен қалыптасқан. Ер адамдарға қарағанда, әйелдер бұл ауруға үш есе жиі шалдығады. Сырқаттың пайда болуына артық салмақ, генетика, физикалық жүктеме секілді түрлі себептер әсер етеді.
"Варикоз деген не? Себептері, негізгі белгілері қандай? Варикозды қалай анықтауға болады? Қандай ем түрлері ұсынылады?" деген сауалдарға А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы, ангиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Асқар Жексенбіұлы Маткеримов жауап берді.
Веналардың варикозды кеңеюі – түйін тәрізді шумақтардың ұзаруы, сондай-ақ қатпарлардың пайда болуы арқылы жүретін патологиялық өзгеріс. Бұл өзгерістің салдарынан қақпақшаларда ақаулар орын алып, қан ағымы бұзылады. Варикоз – қан тамырларының кең таралған ауруы.
Варикоздың пайда болу себептері:
1. Вена қақпақшасының ақауы – адам жасының ұлғаюына байланысты қан тамырларының қабырғалары жұқарып, иілгіштігі жоғалады.
2. Венадағы жарақаттар – көп жағдайда ақаулар жарақаттардың немесе ұйыған қанның, кейде асқынудың әсерінен пайда болады.
3. Генетика
4. Гормондар
5. Жүктілік
6. Артық салмақ
Варикоздың негізгі белгілері: аяқтың қышуы, ауыруы және ісінуі.
Варикозды қалай анықтауға болады?
1. УДЗ диагностика
2. Физикалық қарап-тексеру.
Ұсынылатын ем түрлері:
1. Операциялық емес – компрессиялық шұлықтарды кию.
2. Терапевтикалық ем – венотоникалық дәрілер және т.б.
3. Инвазивтік емес тәсілдер:
a) Лазерлік емдеу
b) Венаішілік лазерлік коагуляция
c) Абляция
d) Радиожиіліктік абляция
e) Флебэктомия және минифлектомия
f) Кроссэктомия
g) Веноэкстракция