- Негізгі бет
- Денсаулық
- В12 дәрумені жетіспеушілігін...
В12 дәрумені жетіспеушілігін қалай білуге болады?
Авитаминоз – қыс бойы дәрумен жетіспеушілігінен әлсіреген ағзаның қалыпты реакциясы. Авитаминозға адамдардың көпшілігі жолығады. Бірақ ағзаға нақты қай дәрумен жетіспейтіндігін білу керек. Оны анықтау қиын емес: қай дәрумен қандай процеске жауап беретіндігін білу керек. Соның ішінде, В12 дәрумені не үшін керек және ол қай тағамдардың құрамында болатындығын анықтайық.
В12 дәруменінің екі түрі бар:
- Дәрумен тек қана жануарлар текті өнімдерде болады;
- В12 дәруменінің басқа бөлігі адам ішегінің микроағзасында синтезделеді.
В12 дәруменінің негізгі пайдасы эритроциттерді дамытуға бағытталған. Ол жасушалар бөлінуінің қалыпты процесіне және ДНҚ түзілуіне қажет. Ол жылдам жаңаратын тіндердің (қан, иммунды жүйе, асқазан-ішек жолы терісі мен шырышты қабығына) жағдайына әсер етеді. Сонымен қатар, жүйке жүйесі талшықтарының түзілуіне және зат алмасуға пайдасын тигізеді.
В12 дәрумені мына ауруларға көмектеседі:
- анемия түрлері;
- жүйкенің қабынуы;
- теңге қотыр (псориаз);
- сүйек-буын аппараты жарақаты;
- созылмалы гепатит;
- гастрит;
- аққандылық.
Ескерту: В12 дәруменін мөлшерден тыс ішу аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.
В12 дәрумені жетіспесе, қозғалыс үйлесімділігі проблемасы, созылмалы шаршаңқылық, төмен есте сақтау қабілеті, қаназдық, сынғыш шаш пен тырнақ, күйзеліске жүйке жүйесінің дұрыс бейімделмеуі, депрессия және тіпті, шизофренияға әкелуі мүмкін.
В12 дәрумені мына өнімдерде болады:
- жұмыртқа;
- сиыр еті;
- күркетауық;
- теңіз өнімдері;
- албырт;
- сүт;
- швейцариялық ірімшік.