Адамның бойы түрлі созылмалы аурулардың дамуына оның қаншалықты бейімділігін анықтайды. Мұны Потсдамда неміс Institute of Human Nutrition зерттеушілері анықтады. Ұзын бойлы адамдар обырға жиі шалдықса, керісінше оларда сусамыр, жүрек-қан тамырлары аурулары сирек кездеседі екен.
Гарвард денсаулық сақтау мектебіндегі әріптестерімен бірлесіп жасаған неміс ғалымдарының зерттеуі адамдардың бойының ұзындығы дене салмағы мен өзге де факторлар салдарынан болатын өлім-жітімге ықпал ететінін дәлелдеді.
Эпидемиологиялық деректер орташа бой 6,5 сантиметрге ұлғайған кезде жүрек-қан тамырлары ауруынан орын алатын өлім-жітім 6 пайызға төмендейтінін көрсетеді. Авторлардың айтуынша, бойдың өсуі жоғары калориялы, ақуызға бай тағамды көп тұтынудан болады.
Бұл денсаулық бағдарламасы ананың құрсағында болғанда жасалып қояды. Адам бойының өсуі 1 және 2 инсулин сияқты факторлармен қамтамасыз етілетінін атап өтеміз. Оның жүйесін белсендіру ағзаның инсулинге сезімталдығын арттырады. Ал бауырда май аз жиналады. Бойы ұзын адамдарда жүрек-қан тамырлары мен сусамыр ауруларының белгілері төмен болатыны осыдан. Зерттеу авторлары дәрігерлерге осыны назарда ұстауға шақырады.
Дереккөз: inform.kz