- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ұйықтай алмаудың негізгі...
Ұйықтай алмаудың негізгі себебі
Ұйықтай алмаудың басты себептерінің бірі – ағзада D дәруменінің жетпеуі. Бұл – ғалымдардың жүргізген зерттеуінен шыққан қорытынды.
Зерттеушілер 20-50 жастағы адамдарды екі топқа бөліп, сегіз апта бойы тәжірибе жүргізген. Бірінші топқа күнде 3500 МЕ (D дәруменін өлшеудің халықаралық бірлігі) өлшемінде D дәруменін беріп отырса, екінші топқа бермеген. Тәжірибе қорытындысынан белгілі болғандай, D дәруменін ішкен адамдардың ұйқысы жақсарып, кейбірінің ұйқысы бір сағатқа дейін ұзарған екен. Мұндай адамдардың көңіл күйі де жақсарған, дұрыс демала алған.
Ал екінші топта еш өзгеріс болған жоқ.
Ұйқының дұрыс қанбауы, дұрыс ұйықтамау созылмалы ауруларды тудыруы мүмкін. Мәселен, толу, депрессияға душар болу, қан-жүрек ауруларына шалдығу ұйқысыздықтан.
Ал D дәруменін көбейтуге балық еті, жұмыртқаның сарысы мен малдың бауыр еті жеу көмектеседі.
D дәрумені жетіспейтінін білдіретін белгілер
Қ. Слямбек