Дәрігерлердің айтуынша, түнгі ұйқы алдында компьютерде жұмыс істеу адам ағзасына айтарлықтай залалын тигізеді екен. Көпшілігіміз монитор сәулесін тек көз жанарымызға ғана зиянын келтіреді деп ойлайтынымыз рас. Бірақ, осынау «ақылды машина» көру қасиетімізді құртып қана қоймай, түрлі жаман ауруларға да ұрындыруы мүмкін. Мәселен...
Ұйқы бұзылады. Қалыпты жағдайда адам денесінің температурасы күндіз жоғары, түнде төмен болады. Егер ұйықтар алдында компьютер қолдансаңыз, экран жарығы көз бен жүйкені тітіркендіреді. Дене температурасының өзгеріс заңдылығына ықпал жасап, температураны жоғарылатып, ұйқының сапасына ықпал жасайды. Тіпті, ұйқысыздық, көп түс көру сияқты қалыпсыздықтар орын алуы мүмкін. Сондықтан, компьютер ұйқыдан 2 сағат бұрын өшірілуі керек.
Қатерлі ісік ауруын тудырады. Компьютерден шықан ультрасәуле адам денесінің қан айналым жүйесіне, иммунитет төмендеуіне, бүйрек және ағзадағы зат алмасу қызметіне ықпал жасайды. Егер бұлайша ұзақ уақыт жалғаса берсе, қатерлі ісік дертіне шалдығуы да әбден мүмкін.
Белсіздік ауруын тудырады. Бастысы ерлердің белсіздігі мен жыныстық белсенділіктің төмендеуіне апарады. Бұл жағдай жұбайының түсік тастауына немесе іштегі баланың қалыпсыз дүниеге келуіне әсер етуі мүмкін.
Жүрек қан-тамыр жүйесіне ықпал етеді. Адамның жүрек-қантамыр жүйесіне әсері жүректің қысылуы, ұйқысыздық, әйелдердің ішкі қалыпсыздығы, жүректің баяу соғуы, ақ қан жасушаларының азаюы, ауруға қарсылық қуатының төмендеуі сынды кері әсерлер туындайды.
Көзге зиян. Көз – адам денесіндегі электромагниттік сәулеге ең сезімтал мүше саналады. Қалыптан тысқары электромагниттік сәуле алдында отыру көздің сезімталдығын төмендетіп, көру қуатын әлсіретеді.
Әдетте жатын бөлмеге теледидар, телефон, компьютер сынды үй-электро жабдықтарының орналаспағаны дұрыс. Жайлы ұйықтау үшін ұйқы алдында аяқты ыстық суға малу немесе бір стақан сүт ішіп ұйықтаудың тәннің саулығына берері мол.
Дереккөз: baq.kz