Ұйқысыздық басым көпшілігіміздің бірінші жауымыз. Жайлы төсек пен жұмсақ керуетте жатсақ та, әрі аунап, бері аунап, ұйқымыз келмейтін кездер жиі болады. Ол үшін жатар алдында төмендегідей тағамдарды жемегеніміз жөн:
Қара шоколад (жүрек қағысын жоғарылатып, ұйқысыздықты шақырады);
Ет (ас қорытуды баяулатады. Сол себепті көпке дейін ұйқымыз келмейді);
Кофе (мүлдем ұйықтай алмауымыз мүмкін);
Энергетикалық сусындар ( құрамында түрлі кофеиндер бар);
Дәрі-дәрмектер (ауырғанды басатын дәрілерді, тұмауға қарсы таблеткаларды ұйықтар алдында ішудің қажеті жоқ);
Қызанақ (тиамин аминқышқылы мидың жұмыс істеуін белсендіріп, ұйқыны бұзады);
Кәді (кәдінің құрамында да тиамин саны көптеп кездеседі);
Қышқыл тұздық (қыжылды шақырады);
Ұйқымыздың дұрыс болмауының салдарынан көңіл-күйіміз болмай, болмашы нәрсеге ренжіп, шыдамсыздық танытып жүреміз. Сондықтан жоғарыда айтылған тағамдарды ұйықтар алдында жемегеніміз абзал.