- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ұйқысыздықты жеңудің жолдары...
Ұйқысыздықты жеңудің жолдары
Ұйқысыздыққа ұшыраған адамдар саны күн санап көбейіп келе жатыр. Ал оның себептері одан да көп десек артық айтпағанымыз. Оған белгілі бір нәрсені ойлап, уайымдау, ұйықтамастан жеті түнде өзіңіздің сүйікті сериалыңызды қарау, сол сияқты басқа да нәрселер себепші болады. Сондықтан бүгін біз сіздерге ұйқысыздықтан құтылудың жолдарын ұсынғымыз келіп отыр.
Тұрып, басқа нәрсемен айналысыңыз
Құлаққа бүртүрлі естіліп тұрған шығар, бірақ 20 минут ішінде ұйықтай алмасаңыз, төсекте жата бермей тұрыңыз. Ондай кезде кітап оқуға болады. Себебі ол сіздің басыңыздағы ойлардан арылуға көмектеседі.
Ұйықтар алдында ноутбук пен смартфонға жоламаңыз
Теледидар, смартфон, планшет секілді экраны жарқыраған құрылғыларды ұйықтар алдында қолыңызға алмаңыз. Сонымен қатар электронды кітапшаларды да қолданбағаныңыз жөн. Неге десеңіздер, аталған заттардың жарықтары миыңызға әсер етіп, ұйықтауыңыз қиынға соғады. Сондықтан сақ болғаныңыз дұрыс.
Әрдайым белгілі бір уақытта жатып үйреніңіз
Демалыс күндері көпке дейін ұйықтамай, тіпті таң ата жататын кездер болады. Бірақ ол асқазаныңызға зақым келтіреді және күн тәртібін бұзады. Бір уақытта жату арқылы сіз алдымен ұйқыңызды қалыпқа келтіріп, денсаулығыңызды да жақсартасыз.
Жатын бөлмеңізді дұрыстаңыз
Егер сіздің керуертіңіз қатты, төсегіңіз ыңғайлы болмаса, ұйықтауыңыз да қиын болады. Себебі мұндай жерде сіз ешқандай жайлылық сезіне алмайсыз. Төсек-орныңызға сырт көзбен қарап, керек заттың барлығын алуға тырысыңыз. Өйткені ол өзіңіздің жататын жеріңіз.
Төсек-орын тек ұйықтауға ғана арналған
Таңғы асты төсекте жатып ішіп, көңіліңіз қалаған кітапты оқыған кімге ұнамайды? Алайда ол сіздің ұйқыңызға кері әсерін тигізеді. Әр нәрсенің өз орны бар. Сол секілді кереует те тек ұйықтауға арналған.
Ж. Исакаев