- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ұйқысыздықпен қалай күресу...
Ұйқысыздықпен қалай күресу керек – маман жауабы
Ұйқысыздық ақпарат пен технология жарық жылдамдығындай дамыған заманда адамзаттың басты ауруларының бірі болып кетті. Кейінгі уақытта қатты күйзеліске түсіп, ұйықтамайтындардың саны артып жатыр. Күніне 6 сағатын ұйқыға арнамаған адам, болашақта денсаулығы сыр бере бастайды. Осы орайда Массагет порталы ұйқысыздықпен қалай күресу жайлы бірнеше маманның жауабын ұсынады.
Ресейлік дәрігер-сомнолог Павел Кудин ұйқысыздықпен күресте негізгі емді атады.
Оның айтуынша, адам мазасыздықтан, күйзелістен және шамадан тыс жүктемеден арылуы керек. Бұған күнде бір уақытта ұйқыдан ояну көмектеседі.
"Сіз әрқашан бір уақытта ұйқыдан тұруыңыз керек. Жұмыс күндері де, демалыс күндері де. Ояну режимі орнатылғаннан кейін ұйқысыздық мәселесі шешіледі", - дейді Кудинов.
Кудинов ұйқыны қалыпқа келтіру үшін әртүрлі шөп шайларын қолдануға күмәнмен қарайды. Ұйқысыздыққа қарсы дәрігер кеңесін алмай, дәрі ішу денсаулыққа зиян. Оның айтуынша, бұл мәселеде шүйгіншөп (валерина) пайдалы.
Медицина ғылымдарының докторы, сомнолог Роман Бузунов ұйқының ұзақтығы 4-12 сағат аралығында болуы керек екенін айтады. Дәрігер күндізгі ұйқы 45 минуттан аспағаны жөн дейді.
Невропатолог және сомнолог Елена Царева, өз кезегінде, ұзақ ұйықтау аурудың симптомы болуы мүмкін екенін ескертеді.
А. Оралқызы