Ұйқыңыз сергек болсын десеңіз

Ұйқыңыз сергек болсын десеңіз
Фото: kenester.kz

Адам ағзасы үшін ең маңыздысы — ұйқы. Онсыз тіршілік ету мүмкін емес. Ұйқыңыз қанбаса тіпті жаман. Жұмысқа құлқыңыз болмай, күні бойы есінеп ыңғайсыз күйге түсесіз. Ұйқы қанып, сергек болуға біз ұсынған мына кеңестер кәдеңізге жарайды деп сенеміз.

Бөлмені желдетіп, ауасын тазартса, іші аса ыстық не суық болмаса, көзге жарық түсіп шағылыспаса, ұйқы қанық болады. Жататын жайлы орынның да маңызы зор. Сонымен қатар жамылатын көрпе де зор рөл атқарады. Оның жеңіл, ауа өткізетін жұмсақ, икемді, оралымды болғаны абзал. Француз ғалымдары осындай көрпе жамылуды ұсынады.

Ауыр көрпе зілдей басып, қан айналымын нашарлатады. Соның салдарынан ауа еркін өтпей, дене қатты қызады. Дегенмен адамның үйреншікті әдеті бәрінен де жоғары. Қызба, ашушаң, ызақор адамдар және кішкене балалар қараңғы үйде ұйықтай алмайды екен. Сондықтан оларға жарық жағып қою керек. Оның ешбір зияны жоқ. Ал кейбіреулер жатар алдында бір-екі қасық қант не бал езіп ішеді. Бұл да пайдалы. Алайда қант, бал ішкен соң тісті жақсылап тазалау керек. Әйтпесе тіс зақымданады. Кейбіреулердің ұйықтар алдында кітап оқитын әдеті бар. Осының бәрі дәрісіз ұйықтауға арналған жаттығулар. Күнделікті осындай әдет-дағдыларды қалыптастырса, ұйықтау да оңай, әрі күні бойы қалжырап шаршағанды жоюға болады.

Дереккөз: baq.kz

 

Н. Үсенова