- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ұйқым тыныш болсын...
Ұйқым тыныш болсын десеңіз...
Түнгі ұйқыға жатар алдында майлы және тәтті тағамдарды жемегеніңіз дұрыс. Себебі, мұндай тағамдар түнгі ұйқыңыздың тыныштығын бұзады екен.
Жақында «Journal of Clinical Sleep Medicine» журналында америкалық ғалымдар ерекше зерттеу жұмысының қорытындысын жариялады. Олар 13 ер адам мен 13 әйел адамға тәжірибе жүргізген. Орта жасы 35-ті құрайтын зерттеуге қатысушылар кешкі сағат 10-да ұйықтап, таңертең сағат 7-де тұрған. Күніне орта есеппен 7 сағат 35 минут ұйықтаған.
Тәжірибеге қатысушылар ұйқы ережесін сақтап қана қоймай, қатаң диета да ұстаған. Майлы және тәтті тағамдарды көп жеуге рұқсат етпеген. Зерттеудің бесінші күні ғана қалаған тағамдарын жеуге рұқсат берген.
Зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша, дұрыс тамақтану – дұрыс ұйқының кепілі екені анықталған. Соңғы күні қалаған тағамдарын жеген ерлер мен әйелдер күндегідей таңертең сергек, ұйқысы қанған қалыпта оянбаған. Себебі, олар зерттеудің соңғы күні майлы және тәтті тағамдарды көп жеген екен.
О. Сансызбай