- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ұйқы кезінде қорылдау...
Ұйқы кезінде қорылдау себебі
Қорылдау – өте жағымсыз құбылыс. Әсіресе, поезда не көпшілік ортада адам қорылдап ұйықтап жатса, өзіне ыңғайсыздық, өзгеге жағымсыздық әсер туғызады. Ол адам еркінен тыс, өздігінен туындайтын шартсыз рефлекс болғандықтан, ұйқыдағы адамды қайта-қайта оятып, мазасын алуға тура келеді. Бұл жағымсыздық қалай орын алады?
Ұйқы кезінде жоғары тыныс жолы ашық жағдайда болуы қажет. Бұл тіл бұлшықеті мен жұмсақ таңдай қызметі дұрыс атқарылуына сеп болады. Бұл бұлшықеттер тым босаңсып кетуі мүмкін. Демек, тыныс жолындағы саңылау тарылады. Таңдай пердесіне ауа жетпейді. Осыдан тыныс алып, дем шығарған сайын қорылдаған дауыс шығады.
Әр адам өмірінде бір рет болса да қорылдайды. «Өлі ұйқыда» жатқан адам үшін бұл анда-санда, физикалық тұрғыда қатты шаршаған кезде орын алатын қалыпты жағдай. Ал егер бұл үдеріс күнделікті не жиі қайталанатын болса, алаңдауға тұрарлық мәселе. Тез арада дәрігерге көрініп, ем қабылдаған жөн. Көңіл аудармай жүре берсе, соңы өлімге апарып соғуы да ғажап емес.
@. @assel_assanova