АҚШ-тағы Бингемтон университеті ұйқы безіндегі қатерлі ісік ауруы жасушаларын химиотерапия және радиотерапия әдісімен емес, біртіндеп жылыту және біртіндеп тоңазыту (термиялық абляция) әдісімен емдеу әлдеқайда тиімді екенін анықтады. Ұйқы безінің рагы қатерлі ісіктердің ішіндегі ең қауіпті түрлерінің бірі. Шамамен 67 адамның біреуі осы дертке шалдығады. Бұл дертке шалдыққан адамдардың 95%-ы тиімді емдеу тәсілі болмағандықтан, ажал құшады. Қарапайым емдеу түрлерінің айтарлықтай әсері болмайды, ал комбинациялы препараттар адам ағзасын улап тастайды. Зерттеу барысында PANC-1 және BxPC-3 рак жасушалары қолданылған. Ғалымдар рак жасушаларын +45-50С дейін ысытып, -10-20С-қа дейін суытқан. Сонымен қатар жылу алмастырудың 2 типін үйлестіріп көрген. Жылу алмасу 5 минутқа дейін созылған. Содан кейін ғалымдар жасуша жағдайын 5 күн бойы бақылаған. Температураны 40-45С көтеріп, одан кейін 25С дейін төмендету нәтижесінде рак жасушалары түгелдей өліп қалған. Ғалымдар енді рак жасушаларын алдымен мұздатып, одан кейін жылытқан жағдайда не болатынын зерттеп көруді жоспарлап отыр. Дереккөз:baq.kz