Шыбын адам мекендеген жердің бәрінде жүреді. Әсіресе, жаз кезінде көбейіп кетеді. Шыбын сырттай зиянсыз көрінгенімен, шын мәнінде ондай емес. Оның тұмсығы мен сілекейінде, бүкіл денесінде түрлі ауру қоздырғыш вирустар мен бактериялар болуы мүмкін.
Ғалымдардың айтуынша, ең алдымен, шыбын тырысқақ (холера) ауруын таратушы жәндік саналады. Шыбынның тұмсығында сальмонеллез бактериясы көп болады. Аденовирус пен түрлі жұқпалы вирусты, гельмитонның дернәсілдерін тасымалдайды.
Ал шыбыннан қорғану үшін тазалық пен гигиена қажет. Үйді, бөлмені таза ұстаған жөн. Шіріп, қоқып жатқан жерде шыбын көп болады. Әсіресе, жуынатын, әжет өтейтін жерлерді тазалап жүрген абзал. Оны хлормен жуып дезинфекция жасаңыз.
Ал шыбыннан құтылу үшін хлорофос қолданған жақсы. Үлкен шыбындарға бұл аса әсер етпейді. Олар түрлі инсектицид сынды улы дәрілерге еті үйреніп алған. Сондықтан хлорофосты сеппей, суға ерітіп, тұзақ ретінде құрып барып шыбынды ұстаңыз.
Оған болмай жатса, қымбаттау инсектицид алуға болады.
Айта кеткен жөн, шыбын коронавирус таратпайды. Ол дәлелденген.