Үйдегі фитнес

Үйдегі фитнес

Фитнес залға баруға артық уақыт не ақша құртқыңыз келмесе, жаттығуларды үйде-ақ жасай беріңіз. Ал заманауи тренажерлерді қол астындағы заттармен алмастырса болады.

Пластикалық бөтелкелерді гантель орнына қолданыңыз. Бөтелкелерге су немесе құм толтырып, оларға салмақ қосыңыз. Олармен қолға, пресске арналған жаттығуларды жасаңыз.

Биік емес орындық. 20 см-ден жоғары болмайтын орындықта да түрлі жаттығулар жасаса болады.



Кітаптарды тіреу орнына қолданыңыз. Кітаптардан биіктігі бойынша бірдей екі тірек құрып, оған сүйеніп, түрлі жаттығулар жасаңыз.

Икемді бинтті тізеден жоғары екі аяққа орап, оны барынша созуға тырысыңыз. Екі қолға ұстап та жасап көріңіз.

 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: fitnesstrainingbyjon.com